Аккредитация – сапа стандарттарына сай келетін, бағдарламалардың сапасын тану. Қазіргі уақытта, білім беру бағдарламалары мен институционалдық аккредитацияның қажеттілігі, халықаралық агенттіктердің дәлелдеуімен, Қазақстанның жоғары оқу орындарының халықаралық кәсіби қоғамда белгілеген сапа стандарттарына сай болуымен байланысты. Бұл еңбек нарығының талаптарына сәйкес мамандарды даярлау сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазіргі кезеңде білім беру қызметтерінің сапасын арттыруда ең маңызды құралдардың бірі ретінде аккредитациялауға Білім заңнамасының жекелеген 9-1 тармағы арналған. Аккредитация Ұлттық және халықаралық аккредитация органдарында әзірлеген стандарттар негізінде жүргізіледі. Білім және Ғылым Министрлігі Қазақстанда танылған аккредитация органдарының тізілімін қалыптастырады.

ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА, ОСЫ ТІЗІЛІМГЕ 6 АГЕНТТІК ЕНГІЗІЛГЕН:

2012 жылғы 31 мамырдан қалыптастырылған тізіліміндегі агенттіктерден алынған аккредитациялар Қазақстанда танылған болып саналады.

Білім туралы Заңнамаға сәйкес, аккредитациялау ерікті болып табылады.

Білім беру ұйымы тізілімге енгізілген аккредитация органдарын өзі таңдай алады, және өз есебінен аккредитация процедурасын төлейді.

Білім беру ұйымдары азаматтарға білім беру бағдарламаларының мамандандырылған аккредитациялары бойынша өз үлгісінде жасалынған құжаттар тапсыруға құқылы.

Институционалдық және мамандандырылған аккредитация рәсімдерінен өткен мекемелер, аккредитацияланған бағдарламалар мерзімінде мемлекеттік аттестациядан босатылады.

Сондықтан, жоғары оқу орындары үшін стратегиялық маңызды міндет бекітілген, тізілімге енгізілген агенттіктерде институционалды және мамандандырылған аккредитацияны өту болып табылады.

Бұл міндет Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілген.

АТУ ИНСТИТУЦИОНАЛДЫ АККРЕДИТАЦИЯСЫ

Алматы технологиялық университеті институционалды аккредитацияны Білім сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігінен (БСҚА) 03.01.2013 ж. өтті, 5 жыл мерзімге берілген №0007 куәлігіне ие.

БАКАЛАВРИАТ, МАГИСТРАТУРА ЖӘНЕ PHD ДОКТОРАНТУРА БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН АККРЕДИТАЦИЯСЫ

Алматы технологиялық университетінің 45 білім беру бағдарламалары, мамандандырылған аккредитацияны Білім сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚА) және Аккредитация және рейтингтің тәуелсіз агенттігінен (АРТА) өтті.