Алматы технологиялық университетінде 2004 жылы тіркеу бөлімінің қызметі құрылды, білім алушының оқу жетістіктерін, білімді бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және оның академиялық рейтингісін есептеуді барлық тарихымен тіркеу бөлімі айналысады.

АТУ ректордың бұйрығына сәйкес 2011 жылы оқу үрдісін және құрылымын оңтайландыру, жетілдіру мақсатында «Тіркеуші офисі» университеттің құрылымына енгізілді, оның құрамына берілді «Тіркеу бөлімі», «Тестілеу бөлімі» және «Студенттік мұрағаты»..

Университеттің тіркеу офисі кредиттік технологиясы бойынша оқыту, оқу жүйесін ұйымдастыру үшін арналған оқу жүйесін жоспарлау, студенттердің білімінің сапасын бақылауға, жедел жоспарлау және оқу үдерісін басқару, студенттер контингентінің қозғалысын есепке алу және статистикалық есептілікті дайындау.

Тіркеу Офисінің жұмысы өзінің жоспарына сәйкес және қызметімен оқу жүйесіне қатысты құрылымдық бөлімдерімен, деканаттармен, кафедралармен үйлестіріліп іске асырылады.

Негізгі міндеттері мен бағыттары:

ОҚУ ПӘНДЕРІНЕ ТІРКЕУ ЕРЕЖЕСІ

Кредиттік оқыту технологиясында студент білімінің траекториясын өз бетінше анықтайды. Оқу пәндеріне жазылу және өз білімінің траекториясын қалыптастыру кезінде студент элективті пәндерді таңдауды (студенттің таңдауы бойынша) жүзеге асыруға басшылық ететін эдвайзер-куратордың кеңесін пайдаланады.

Эдвайзер - куратор кеңесінің көмегімен бекітілген форма бойынша келесі оқу жылына арналған жеке оқу жоспары, келесі академиялық кезең басталғанға дейін анықталады.

Оқу пәндеріне түпкілікті жазылу жабылған соң, жеке оқу жоспары факультет деканымен бекітіледі және студентке беріледі.

Правила регистрации и записи студентов на дисциплины

Білімді бағалау және бақылау туралы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес, студенттердің оқу жетістіктері (білім алушылардың) оқу тапсырмаларының барлық түрлері бойынша, балдық–рейтингтік, әріптік жүйе арқылы бағаланады,.

Студенттердің үлгерімдеріне жүргізілетін ағымдық бақылау аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы білімді бақылауды қамтиды және оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша жүргізіледі. Ағымдық бақылау бағасы (жіберу (допуск) рейтинг бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен аралық бақылау бағасынан (аудиториядан тыс сабақтар) құралады.

Студенттердің оқу жетістіктерін ағымдық бақылау кезінде, әр орындалған тапсырма 100 баллдық шкала бойынша бағаланады және ағымдық бақылаудың соңғы нәтижесі академиялық кезең ішінде алынған барлық бағалардың орташа арифметикалық сома есебімен шығарылады

Пәндерге рұқсат алу рейтингінде оң бағасы жоқ студенттер қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

АТУ-дың білімді бақылау жүйесі рейтингтік бақылау (семестрде 2 рет) және қорытынды бақылауды (емтихан тапсыру) қамтиды. Пәндер бойынша рейтингтік бақылау академиялық кезеңнің 8-ші немесе 15-ші аптасында жүргізіледі. Емтихандарға рұқсат алу әр рейтингтік бақылау бойынша 50 балдан және одан жоғары балл алған жағдайда жүзеге асырылады.

Әр пән бойынша рейтингтік бақылау мен емтихан нәтижесінен, соның ішінде рейтингтік бақылау нәтижесі – 60 %, емтихан нәтижесі - 40  % құралатын қорытынды баға анықталады.

Білім алушылардың оқу жетістігін бағалаудың  сандық баламасының төрт баллдық жүйесіне сәйкес, студент білімінің қорытынды бағасы әріптік жүйемен бағаланады

Білім алушыларды курстан курска көшіру үшін GPA өту балын университет өз бетінше белгілейді. Өту балы (Grade Point Average) – таңдалған бағдарлама бойынша бір оқу жылы ішіндегі студенттің оқу жетістік деңгейінің орташа бағасы. 2017-2018 оқу жылына арналған ең төменгі өту балы университеттің Ғылыми кеңесі шешімімен бекітілді:

Күндізгі бакалавриат білім алушылар үшін

Курс өту балының ең төменгі деңгейі (GPA)
1 1,67
2, 1 о.ж. 2,00
3, 2 о.ж. 2,33
4, 3 о.ж. 2,33

Қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша бакалавриат білім алушылар үшін

Курс өту балының ең төменгі деңгейі (GPA)
1 о.ж. 1,67
2 о.ж. 2,00
3 о.ж. 2,33

Әр семестр қорытындысы бойынша, сонымен қатар, барлық оқу кезеңі үшін орташа (GPA) балы есептеледі. Әр пән бойынша, бір курска арналған GPA келесідей үлгіде жасалады: пән бойынша  қорытынды баға сол пәннің кредит санына көбейтіледі, барлық нәтиже қосылады және кредит санына бөлінеді.

Положение о контроле и оценке учебных достижений

Әріптік жүйе бойынша бағалау

Баллдың Сандық баламасы %-дық мазмұны Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау
A 4,0 95-100 өте жақсы
A- 3,67 90-94
B+ 3,33 85-89 жақсы
B 3,00 80-84
B- 2,67 75-79
C+ 2,33 70-74 қанағаттанарлық
C 2,0 65-69
C- 1,67 60-64
D+ 1,33 55-59
D 1,0 50-54
F 0 0-49 қанағаттанарлықсыз

Осы пәндер бойынша қорытынды бағаны анықтау үшін:

3,67 балл  х 2 кредит + 4  балл х 3 кредит = 19,34:5 (кредиттердің жалпы саны) =3,8.

Осылайша, өтілген барлық пәндері бойынша GPA есептеледі, келесі курсқа көшіру үшін оның нәтижесі негізі болып табылады. Бүкіл кезең үшін оң бағаны жоғарылату мақсатында немесе үздік диплом алу мақсатында емтиханды қайта тапсыру рұқсат берілмейді.

Пән бойынша қорытынды баға қанағаттанарлықсыз болған жағдайда,  сол пән бойынша кредиттері есептелінбейді. Емтихандар бойынша алған оң баға сияқты, қанағаттанарлықсыз бағаны да қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Пән бойынша қорытындыдан қанағаттанарлықсыз баға алған студент емтиханға рұқсат алып, келесі академиялық кезеңде немесе ақылы негізде жазғы семестрде сол пән бойынша қайтадан оқу курсын өтуі тиіс.

Егер студент (жазғы семестрді қоса) GРА белгіленген деңгейден төмен балл (1,67 балл) жинаса, ол қайта оқу курсына қалдырылады.

Оқу жылы басталғаннан кейін бір ай ішінде келісім-шарт жасамаған және курсқа қайта қалдырылып, оқу ақысын төлемеген студент  оқудан шығарылады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша грантта оқитын студент қайта оқу курсында қалдырылған жағдайда келесі оқу кезеңінде мемлекеттік білім беру грантынан айырылады.

Академиялық қарыздары бар (10-нан аспайтын кредиттер) студенттер үшін жазғы семестр ұйымдастырылады. Жазғы семестр кезеңінде пәндерден өту үшін кем дегенде 3 адамнан тұратын топ құрылуы тиіс. Жазғы семестрге тіркелу жазғы семестр басталғанға дейін бір апта  бұрын аяқталады.

Жазғы семестрді өтуге жазылу құқығы  бар студенттер:

  • академиялық берешегі бар;
  • қайта қабылданған, ауыстырылған, академиялық демалыстан оралған кезде академиялық айырмашылықтары бар;
  • өз қалауымен қосымша пәнге жазылу.

Жазғы семестр нәтижесі бойынша, өту балын (GРА)  аз жинаған студенттер қайта оқыту курсына қалдырылады.

Жазғы семестрді ұйымдастыру және жазғы семестрге студенттерді жазу тіркеу кеңсесімен жүзеге асырылады.

Жазғы семестрді ұйымдастыру тәртібі:

  • студент жазғы семестрді өту үшін курсы көрсетілген өтініш бойынша және төлем жасалған түбіртекпен тіркеледі;
  • жазғы семестрге сабақ кестесі жасалады.

Мамандықтың оқу жоспарындағы пәндердің жазғы семестр кезеңіндегі нәтижелері ауыстыру (курстан курсқа көшіру) балында (GРА)  ескеріледі.

Студенттің оқыған пәндері бойынша алынған барлық балдары транскриптіде көрсетіледі.

Положение об организации и проведении дополнительного обучения, летнего семестра

Мекен жайы: 050012, Алматы қ,
к-сі. Төле би, 100 (қ-ы. к-сі. Байтурсынов) тіркеу офис ғимараты

тел.: +7 (7272) 93-52-84 (ішкі.170) – тіркеуші офисінің бастығы
тел.: +7 (7272) 93-52-84 (ішкі.116, 155, 214) – тіркеу бөлімі
тел.: +7 (7272) 93-52-84 (ішкі.133) – тестілеу бөлімі
тел.: +7 (7272) 93-52-84 (ішкі.153) – студенттік мұрағат