ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

Ғылыми-әдістемелік кеңес (бұдан әрі – кеңес) алқалы консультативтік-ұсынымдық басқару органы, университет қызметінің ғылыми-әдістемелік және оқу мәселелерін талқылау және ғылыми-әдістемелік әзірлемелерді ұйымдастыру орталығы болып табылады.

Кеңес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру сапасын басқарудың бағыттары мен тетіктерін айқындау, сапа менеджменті қағидаттарын енгізу бойынша құрылымдық бөлімшелерге жәрдемдесу мақсатында әрекет етеді, оқу процесіне білім беру процесін ұйымдастырудың және басқарудың жаңа технологияларын енгізуге ұсынады.


Кеңес ұсыныстары жекелеген жағдайларда Ғылыми кеңестің немесе АТУ ректоратының отырыстарына қарауға және бекітуге шығарылады.

Кеңестің негізгі міндеттері

- оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету сапасының мониторингін ұйымдастыру;
- білім беру ұйымдарында шығарылатын оқу, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, құралдарды және басқа да материалдарды жоспарлау, сараптауды ұйымдастыру және басып шығаруға ұсыныс жасау;
- университетте Оқу үдерісін әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру;
оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жетілдіру бойынша озық тәжірибені жинақтау және тарату;
- педагогикалық және ғылыми кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау жүйесін жетілдіру, оқу процесінің мазмұнын талдау;
- сапа менеджменті жүйесін дамыту және оқу процесіне әдістемелік әзірлемелердің нәтижелерін енгізу бойынша ұсыныстар дайындау;
- университеттің әдістемелік жұмысын үйлестіру;
- білім беру ұйымдарында оқытудың жаңа технологияларын, әдістерін, құралдарын енгізу және қолданыстағыларын жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- оқытушылардың оқу-әдістемелік бірлестіктерінің шығармашылық (тұрақты және уақытша) орталықтарының жұмысын ұйымдастыру;
- педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру бойынша жұмысты үйлестіру;
- білім беруді дамыту және оны іске асыруда басым бағыттарды қалыптастыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
- университеттің ПОҚ және қызметкерлерін аттестациялауға қатысу.

Кеңес қызметінің негізгі бағыттары

- Оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларын сараптауды ұйымдастыру;
- факультеттердің әдістемелік бюроларының жұмыс жоспарларын қарау және келісу;
- пәндердің оқу-әдістемелік кешендерін талқылау және мақұлдау;
- университетте Оқу үдерісін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін қарастыру;
- университеттің әдістемелік қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты нормативтік құқықтық құжаттардың жобаларын жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау және енгізу;
-оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, оның ішінде электронды тасығыштарда және дидактикалық материалдарды әзірлеуді ұйымдастыру;
- өндіріс және ғылым технологияларының басым бағыттарын болжау негізінде мамандықтар (кәсіптер) тізбесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды талқылау;
-оқу-тәрбие процесін жетілдіруге және ПОҚ-ға практикалық көмек көрсетуге бағытталған әдістемелік жұмыстың түрлі формаларын енгізу мәселелерін қарастыру;
- пәндер каталогын қарау және бекіту;
- пререквизиттер мен постреквизиттерді бекіту;
- факультеттердің әдістемелік бюросы қызметінің жылдық жоспарларын келісу және бекіту;
- тест тапсырмаларын және білім алушылардың білімін бақылаудың басқа да түрлерін әзірлеу және сараптау мәселелері;
- оқытушының жетекшілігімен білім алушылардың өзіндік жұмысын және білім алушылардың өзіндік жұмысын әдістемелік қамтамасыз ету мәселелері;
-оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты жетілдіру бойынша семинарлар, конференциялар, кеңестер ұйымдастыру және өткізу.

Кеңесті сайлау және жұмыс тәртібі

Кеңес құрамына кафедра өкілдері, оқытушылар, әдіскерлер, әдістемелік бірлестіктердің басшылары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, кадрлардың біліктілігін арттыру, қайта даярлау және аттестаттау бойынша, білім беру ұйымы басшысының орынбасарлары кіреді. Кеңес құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.

Кеңес қызметіне басшылық жасауды төраға – білім беру ұйымы басшысының оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары жүзеге асырады.

Кеңес мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

Кеңес жұмысы кеңес отырысында қабылданған және білім беру ұйымының басшысы бекіткен жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Кеңес отырысы екі айда кемінде 1 рет өткізіледі.

Кеңес отырысында қаралған мәселелердің нәтижелері бойынша қатысып отырған мүшелердің көпшілік дауысымен Кеңес ұсынымдары қабылданады және хаттамамен ресімделеді. Кеңес отырысының хаттамаларына және шешімдеріне кеңес төрағасы мен хатшысы қол қояды.

Кеңес, егер оған оның мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.

Кеңес төрағасы жылына бір рет білім беру ұйымының Ғылыми кеңесі алдында қызмет нәтижелері туралы есеп береді.

Кеңестің әрбір мүшесі Кеңестің барлық отырыстарына қатысуы, оның жұмысына белсенді қатысуы, өзіне жүктелген тапсырмаларды уақтылы және дәл орындауы тиіс.