АТУ біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтының директоры

Акашқызы Гульмира

 

E-mail: ipkatu@atu.kz, agu74@mail.ru
Тел: 8 (727)276-67-93, 8 (727) 396 71 33,
8 (727) 396 71 40 ішкі. 135

АТУ біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институтының методисті

Куатова Гулзипа Жаикбаевна

 

Тел.: 8 (727) 276 67 93; 8 (727) 396 71 33 (ішкі. 135)
E-mail: ipkatu@atu.kz,agu74@mail.ru

ИНСТИТУТТЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ

Алматы технологиялық университетінің біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау институты өз әрекетін нормативті құжаттарға сәйкес жүзеге асырады:

  • Қазақстан Республикасыы Еңбек Кодексі;
  • Білім беру туралызаңы, 27 шілде 2007 жылғы№319-III (04.07.2013 ж күйге өзгерістер және толықтыру қосылған);
  • Білім беру әрекетін реттейтін Қазақстан Республикасы Нормативті және құқықтық актілер;
  • Мемлекеттік білім бері стандарттары;
    11 қыркүйек 2013 жылы №370 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі Бұйрығымен бекітілген ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдары түрлері әрекетінің типтік ережелері.
  • АТУ Жарғысы;
  • Ректор бұйрықтары мен өкімдері.

Қазақстан Республикасы Білім беру туралы заңына сәйкес АТУ-де қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сәйкес қосымша білімдер мен дағдылар көлемін алу үшін жағдайлар құрылған.
Оқу үдерісіне орасан ғылыми-педагогикалық және тәжірибелік тәжірибесі бар, Қазақстан Республикасы және қиыр шығыс тамақ, қайта өңдеу, жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің алдыңғы қатарлы кәсіпорындарында, қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарда машықтандырудан өткен жетекші ғалымдар мен мамандар шақырылады.

Біліктілікті арттыру курстарының оқу бағдарламалары ғылымда, білім беруде, өндірісте жүретін инновациялар, сонымен қатар еңбек нарығы қажеттіліктері, оқу нәтижелеріне құзіретті қарау, кәсіби стандарттар талаптары мен біліктіліктің салалық шегі ескеріліп әзірленген, сол арқылы тәжірибелік бағытталған.
Оқытушылармен таратылатын дәріс материалдары мен қажетті құжаттар түрлерінің толық пакеті ұсынылады.

Сабақтар АТУ мамандандырылған, заманауи жабдықтармен жабдықталған оқу-ғылыми өндірісітк мини-цехтарда жүргізіледі:

  • нан орталығы;
  • макарон өнімдерін өндіру орталығы,
  • ет өңдеу орталығы,
  • сүт өңдеу орталығы,
  • Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу орталығы,
  • Микробиология, Шикізат пен дайын тамақ өнімдерінің сапасын бақылау зертханаларында,
  • оқу мейрамханасында, сонымен қатар Қоғамдық тамақтандыру өнімдерінің технологиясы, Сүт және сүт өнімдерінің технологиясы, Ет және ет өнімдерінің технологиясы, Астық өңдеу технологиясы, Нан және макарон өнімдерінің технологиясы, Ашыту өндірісі және шарап жасау технологиясы зертханаларында, тоқыма және жеңіл өнеркәсібі бұйымдары мен тауарларының инновациялық мәселелері мен қауіпсіздігі бойынша орталығында жүргізіледі.

Азық-түлік өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу орталығында тамақ өнімдерінің сапалық көрсеткіштерін анықтауға арналған заманауи аспаптарда жұмыс істеу дағдылары бойынша сабақтар жүргізіледі.

Сабақтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде Еуропа ЖОО оқыған мамандармен жүргізіледі.

Біздің оқытудың артықшылықтары:
-оқу үдерісін ұйымдасыру мен жүргізудің жоғары сапасы;
-тапсырыс түсуіне қарай топтарды жедел қалыптастыру, тапсырыс берушінің талаптарын максималды қанағаттандыру;
-оқыту түрлері мен әдістерінің алуан-түрлілігі, соның ішінде сабақтарды университеттің оқу-ғылыми өндірістік орталықтарында жүргізу;
Сәйкес оқуды бітіріп, емтиханды табысты тапсырған соң, оқырмандарға юекітілген үлгіде құжаттар беріледі.

Біздің оқырмандар:

  • өнеркәсіптің тамақ және қайта өңдеу салалары кәсіпорындарының орташа және жоғары тармақтағы мамандар (аппаратшылар, операторлар, техник-технологтар, техниктер, лаборанттар, шеберлер, технологтар, инженерлер);
  • қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары мен қызмет көрсету индустриясының орташа және жоғары тармақтағы мамандар (қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысшылары: аспазшылар, бармендер, даяшылар, өндіріс меңгерушілері, технологтар, инженерлер, әкімшілік);
  • тоқыма және жеңіл өнеркәсіп салаларының орташа және жоғары тармақтағы мамандар (тоқымашы, тігінші, конструктор-модельер, әмбебап тігінші, тігінші-пішіндеуші, модельер-пішіндеуші, техник-модельер-киім құрастырушы, тоқыма өндірісінің техник-технологтары, мата емес материалдар өндіретін техник-технологтар, тігін өндірісінің техник-технологтары, тоқыма және тігін-галантерея бұйымдарын тігу жабдықтарының операторы, ұйымдардың жабдықтарын монтаждаушы; техник-механик);
  • тамақ, қайта өңдеу, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының, қызмет көрсету және қонақжайлық индустриясының жетекшілері;
  • оқытушылар, ғылыми қызметкерлер, кәсіби жоғары оқу орындары мен колледждердің докторанттары, магистранттары.

Сіздің назарыңызға Аспазшы-диетолог курсын ұсынамыз

Диетология тағамды дұрыс және рационалды тұтыну туралы ғылым.

Емдәмдер көмегімен көптеген аурулардан айығуға, сымбатты болуға және өмір сапасын жақсартуға болады.

Біз Аспазшы-диетолог курсын кәсіби деңгейде өтуге мүмкіндік береміз.

Оқу мерзімі 3,0 сағаттан 12 сабақ.

Сіз не меңгересіз және нені жасай алуға үйренесіз:

  • Әртүрлі емдәм үшін тағам даярлау.
  • Салмақты түзетудің жеке бағдарламалары бойынша тағам даярлау, тамақ өнімдеріне аллергияны болуын ескеріп тамақтану.
  • Денсаулық күйін ескеріп және тапсырыс берушінің талаптарына сай асмәзірін құру,
  • Бұлшық етті ұлғайту жағына қарай салмақты түзету,
  • Тағамдарды даярлау және безендіру.
  • Қамырдан дайындалатын өнімдерді пісіру. Азық-түлікті сатып алу.
  • Асүй және жабдықтар күтімі.
  • Балалар тамақтануы.
  • Өнімдерді сақтау мерзімін бағалау.

Ал ең бастысы, Сіз сұранысқа ие маман бола аласыз.
Оқу соңында сертификат беріледі.

4(5) разрядты азпазшы мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсы жұмыс істеп жүрген, өз біліктілігін максималды разрядқа дейін арттырғысы келетін аспазшыларға арналған. Курста оқыту барысында тыңдармандар азпаздықтағы заманауи тенденциялармен танысуға, ас мәзірін құру бойынша кеңес алуға және мейрамхана жұмысын ұйымдастыруға, тағамдарды даярлаудың жаңа технологияларын меңгеруге, өз кәсіби шеберлігін арттыруға мүмкіндік алады. Бұның барлығы қоғамдық тамақтандыру саласындағы мамандарға алған тәжірибесі мен білімдерін өз кәсіби әрекетінде табысты қолдануына мүмкіндік береді.

Курсты оқыту заманауи жабдықтарды қолданып, орасан педагогикалық және тәжірибесі бар қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында табысты жұмыс істейтін, жоғары санаттағы мамандар жетекшілігімен жүзеге асырылады. Оқу барысында алдыңғы қатардағы тәжірибелік оқыту әдістері мен технологиялар қолданылады. Біліктілікті арттыру курстары тыңдармандардың тиімді жұмысы үшін барлық қажеттімен жабдықталған оқу-өндірістік цехтарда (мейрамханаларда), тағам даярлау зертханасында, демонстрациялық залда жүргізіледі.

Курсы меңгеру оңында мамандар әртүрлі күрделікті аспаздық өңдеуді талап ететін тағамдар мен өнімдерді дайындау бойынша білімдерді меңгереді:
– балғын, пісірілген және өз сөлінде пісірілген көкөністерден, етттен, балықтан әртүрлі салаттар мен дәмтағамдар;
– бірінші тағамдар: ас қатықты, езбе тәрізді, мөлдір, тәтті, салқын.
– көкөністерден, балық және теңіз өнімдерінен, ет және ет өнімдерінен, ауылшаруашылық құс және қоян етінен пісірілген, бұқтырылған, қуырылған, көмбеленген түре екінші тағамдар.
– соустар, ерекше қатықтар;
– ыстық және салқын сусындар;
– тәтті тағамдар, ұннан даярланатын өнімдер және т.б.

Даяшы және бармен мамандықтары бойынша даярлау курстары осы мамандық бойынша жаңа, заманауи, толыққұнды білімдерді, дағдылар мен тәжірибені меңгеруге мүдделі адамдарға арналған. Біздің курстарда ұсынылатын бағдарлама заманауи мейрамханалар, кафе мен барлар иелері қажет ететін талғамдары мен ұсыныстары ескеріліп құрылған.

Егер Сіз жоғары классты қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарында қызмет көрсету дұрыс қалай үргізілетінін, ас мәзірін қалай дұрыс ұсыну қажеттігін, клиентке сауатты қызмет көрсетуді білгіңіз келсе, онда біз тұтынушыларды қабылдауға дайындық, дастарқан жаю, қызмет көрсету стильдері, тағамдар мен сусындарды ұсыну құпияларын ашамыз.

Біз Алматы қаласының көптеген мейрамханалары мен барларымен серіктеспіз, біздің тыңдармандар өз білімдерін тәжірибеде табысты қолданады.

Клиентті қарсы алу, алдын ала жайылған дастарқанға шақыру, тапсырысты қалыптастыру, тағамдар мен сусындарды тікелей ұсыну, клиентпен есеп-айырысу… осының барлығын және тағы басқаларын Сіз осы мамандық бойынша оқуға келгенде меңгересіз.

Кондитер мамандығы бойынша кәсіби даярлау курсы Сіз үшін табысты мансаптың бастамасы. Торттар, пирожное, қаусырмалар мен бәліштер, орамалар, печенье, карамель мен шоколадтан дайындалатын өнімдер бұл кез-келген салтанаттыі ажырамас бөлігі. Сондықтан да ірі дүкендер, гипермаркеттер, кондитерліктер, наубайханалар, мейрамханалар, кафелер, нан зауыттар және басқа кәсіпорындар осы мамандық өкілдеріне өте зәру және оларды жоғары бағалайды.

Кондитерлер курсы кең кәсіби горизонттарды ашады. Курсты бітіріп, жұмысқа орналасқан соң Сізде кәсіби өсу, одан да жоғары разрядты алу, басшы лауазымын алу немесе өзіңіздің табысты бизнесіңізді ұйымдастыру мүмкіндігі болады.

Қызмет көрсету және қоғамдық тамақтандыру саласындағы жұмысшыларды аттестаттау

Қоғамдық тамақтандыру жұмысшыларын аттестаттауды қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы мәселелерді жүзеге асыруда қызметкерлер жұмысының тиімдңлңгңн анықтау мақсатында жүргізеді. Қоғамдық тамақтандыру жұмысшыларын аттестаттауды қызметкерлердің өндірістік еңбегін қлғайтуға, ұйымдастыру құрылымына, технологиялық процедураларға, лауазымдық нұсқауларға және ынталандыру ортасына қажетті өзгерістерді енгізуге мүмкіндік беретін шешімдерді қабылдау үшін жүргізеді.

Аспаздық Кеңес

Қоғамдық тамақтандыру жұмысшыларын аттестаттауды АТУ 22 желтоқсан 2009 жылғы №47 бұйрыққа сәйкес ұйымдастырылған Аспаздық кеңес жүргізеді.

Аспаздық кеңес жұмысының мақсаты қоңмдық тамақтандыру жұмысшыларын әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асыру, кеңес беру және аттестаттау.

Байланыс ақпараттары:

Алматы қаласы, Райымбек көшесі, 348/4, 502 офис
т/ф.: 8 (727) 2766793,
тел.: 8 (727) 3967133 (вн. 135)
e-mail:ipkatu@atu.kz

Қабылдау шарттары:

Кәсіби қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарын өту үшін электрондық поштаға немесе БАжКҚДИ факсына ұйым аты, курс тақырыбы, оқырманның аты-жөні, лауазымы, ұйым мекен жайы мен телефоны (электрондық пошта) көрсетіліп оқуға тапсырыс жіберу қажет.