ЖОО-да студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын (СҒЗЖ) жоспарлау және ұйымдастыру «СҒЗЖ туралы ережеге» сәйкес жүзеге асырылады.

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары келесі негізгі бағыттар бойынша жоспарланып жүргізіледі:

  • Студенттердің қаржыландырылатын және ынталы ҒЗЖ орындауда қатынасуы;
  • Ғылыми рефераттарды, оқытушылармен бірлесіп ғылыми мақалаларды жариялауға дайындау;
  • Байқауларға, олимпиадаларға, конференцияларға қатысуы;
  • Ғылыми курстық және дипломдық жұмыстарды орындау, сонымен бірге мамандар шығаратын кафедраларда ҒЗЖ элементтерімен ғылыми курстық және дипломыдық жұмыстарды орындау.
  •  

    Студенттердің, магистранттардың, PhD докторанттардың ҒЗЖ ұйымдастырудағы университеттің негізгі міндеті оларды олардың дайындалу деңгейін ескере отырып, түрлі формадағы шығармашылық әркеттерге дифференциалды тарту арқылы шешіліп, орындалады. Ең үздік жұмыстар университеттің, республикалық және шет елдік ғылыми басылымдарда жарияланады.

    Білімгерлердің белсенділіктерін жылсайынғы конференцияның жинағы басылымдарының көрсеткіштері арқылы бағалауға болады. Университетте жылсайын «Ғылым. Білім. Жастар» ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.

    ОҚИҒАЛАР

    «Enactus Kazakhstan National EXPO 2015» – Қазақстанның университеттері арасындағы Республикалық студенттік әлеуметтік және бизнес жобалардың байқауы. Байқаудың мақсаты әлемдік білім беруде және бизнес-кеңістігінде бірлесу, дарынды және зерек студенттердің әлеуметтік жобаларын іріктеп, оларға қолдау беру.

    Enactus ATU командасы 2 жоба «Қолдан жасалған сабын» және «Almaty Souvenirs» ұсынды. «Қолдан жасалған сабын» жобасы қолдан жасалған сабын өндірісі экологиялық таза өндіріспен байланысты болғандықтан қазылар мүшелері тарапынан перспективті жоба ретінде танылды. «Almaty souvenirs» жобасы өз алдына жасампаз жәдігерлер, әшекейлер және басқа да ерекше бұйымдар өнідірісімен нарыққа шығуға мақсат қойды.

    Enactus ATU командасының үйлестірушісі – ғылым және инновация проректоры Кизатова Майгуль Жалеловна, капитан – Калдыбаева Улбосын Алмасбековна, эдвайзер – Баданова Айгерим Кенжебековна.

    ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

    ҚР ғылым және білім Министрлігінің І дәрежелі Дипломымен марапатталған студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының жеңімпаздарын:

    Орал Қарлығаш Нуртайқызын, 5В072600 – Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы және конструкциясы мамандығы, ғылыми жетекшісі – т.ғ.д., профессор Нуржасарова М.А.;

    Маудинова Назира Советжанқызын 5B072700 – Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығы, ғылыми жетекшісі – т.ғ.д., профессор Узаков Я.М.;

    Явахунова Разия Арлиевнаны 5В072800 – Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы мамандығы, ғылыми жетекшісі – б.ғ.к., доцент Байгазиева Г.И.;

    Қуанбай Назерке Құрманбекқызын, Нұрмаханқызы Нұрсаулені 5В073300 –Тоқыма материалдарын жобалау және технологиясы мамандығы, ғылыми жетекшілері – т.ғ.к., профессор Кутжанова А.Ж. және PhD, доцент м.а. Баданова А.К.;

    Ташпулатова Айжанды және Вахитова Диананы 5В091200 – Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі мамандығы, ғылыми жетекшілері: э.ғ.к., доцент Есайдар У.С., аға оқытушы Туебекова З.Ж.

    ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТАБЫСТАР ТІЛЕЙМІЗ!

    null

    null

    null