Алматы технологиялық университеті – Қазақстан Республикасының тағам және жеңіл өнеркәсібі саласында ғылым және білім берудің жетекші орталығы.

Іргелі және қолданбалы жұмыстарды кеңейту, оларды әлемдік қолдау және ынталандыру аймақ және мемлекеттер үшін приоритетті мәні бар, ғылыми–техникалық бағдарламаларды және жалпы ұлттық мәні бар жобаларды орындауға негізделген, университеттің негізгі ғылыми саяси бағыттарының бірін құрайды.

Алматы технологиялық университетінің–зерттеу университетінің мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес, даму бағдарламасында көрсетілген, және ғылыми мектептерді ескере отырып, мамандарды, зерттеушілерді және ғылымның жетістігі негізінде ғылыми–педагогикалық жоғары кәсіби кадрларды дайындауда ғылыми – білім беретін орталық ретінде бағытталған:

  • іргелі және қолданбалы зерттеулерді орындау есебінен ғылымды дамытуға, мамандарды дайындаудың негізі ретінде ғылыми мектептерді бекітуге;
  • оқу және ғылыми үдерістердің бірлігін бекітуге, ғылыми зерттеулерге ПОҚ белсенді қатысуына және ғылыми ұжымның қызметіне білім алушыларды кеңінен тартуға;
  • оқу үдерісінде, жоғары мамандандырылған кадрларды дайындауда, мамандарды қайта даярлауда және жаңа мамандықтарды, ғылыми мектептерді, бағыттарды дамытуда ғылыми қызметтің нәтижесін белсенді пайдалану негізінде профессор – оқытушылық және ғылыми қызметкерлердің кәсіби деңгейін үнемі арттыруға;
  • халықаралық ғылыми ынтымақтастықты және халықаралық ғылыми ұйымдарға, фондтарға, бағдарламаларға қатысуды кеңейтуге, ғылыми – техникалық өнімдер және жоғары технологиялық әлемдік нарықта жоғары оқу орындары зерттеулерінің бәскеге қабілеттілігін арттыруға;
  • кәсіби және арнайы мамандарды дайындау деңгейін арттыруға, жоғары мамандандырылған ғылыми – педагог қызметкерлерін дайындауға. Бағдарламаның негізгі мақсаттарын жетілдіру үшін келесі міндеттер шешілуде: алдыңғы білімдер негізін арттыру, бейінді салалардың дамуының приоритетті бағдарламасы бойынша, олардың бәскеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетін іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыру және қалыптастыру. инновациялы патенттер алумен өндіріске енгізілген, ҒЗЖ нәтижелерінің санының артуымен ғылыми зерттеулердің инновациялығы артады.
  •  

    Республикамыздың тағам және жеңіл өнеркәсібі саласының ғылыми қызметінде университеттің жетекші ұстанымын табысты бекіте отырып, университетте 3 Ғылыми – зерттеу институт жұмыс істейді: өзінің құрамында 4 күрделі ғылыми – зерттеу зертханасы бар, тағам технологиясының Ғылыми – зерттеу институты және жеңіл өнеркәсібінің күрделі Ғылыми – зерттеу институты, сонымен бірге аккредиттелген «Тағам қауіпсіздігі» сынамалы зертханасы бар, тағам қауіпсіздігінің Ғылыми – зерттеу институты. Университет базасында №67 «Жаңа кезеңнің тағам өнімдері және технологиясы» стандартизациясы бойынша ИСО ТК № 34 «Тағам өнімдері» Халықаралық техникалық комитеті мүшелігіне толық құқылы Техникалық комитет жұмыс істейді. Унивсерситетті зерттеу унивсерситеті ретінде қалыптастыруда ғылым және технология дамуының приоритетті бағыты бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүргізудегі практикалық міндеттер қойылады.

    Ғылыми өзекті мәселелерді зерттеу және ғылыми мәселелерді шешу үшін жас ғалымдардың және мамандардың күшін нығайту мақсатымен университетте Жас ғалымдардың кеңесі (ЖҒК) жұмыс істейді. Университет жас ғалымдарының ғылыми жетістіктері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Фондымен белгіленеді: Бұл жетістіктер тұтастай университет беделін және жас ғылымның мәртебесін дамытуға және қолдауға мүмкіндік береді.

    Мемлекеттік бюджеттік және шаруашылық келісімді ҒЗЖ орындалуы. Орындалатын ғылыми зерттеудің негізгі көлемі іргелі зерттеулердің (70% -ға дейін) үлесіне, сонымен қатар тәжірибелік – құрастырымдық жұмыстардың (30% -ке дейін) орындалуына тиесілі.

    Мемлекеттік және шаруашылық келісімді қаржыландырылатын ҒЗЖ жоспарына сәйкес, 2015 жылы университетте қаржыландырылатын ҒЗЖ орындалуда, ол ҒЗЖ барлығы – республикалық және халықаралық бағдарламалар мен жобаларға кіретін мемлекеттік бюджеттік, сонымен қатар ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландырылатын ҒЗЖ.

  • Создание технологии, активирующие биоэнергетические и экологические процессы для повышения урожайных, семенных свойств и технологических качеств продуктов переработки зерновых культур. Ғылыми жетекші – т.ғ.д., акад. Изтаев А.И.;
  • Изучение функциональных и биокоррегирующих характеристик растительно-животных комплексов и разработка на их основе технологии национальных мясных продуктов нового поколения с использованием местных сырьевых ресурсов. Ғылыми жетекші – т.ғ.д., акад. Узаков Я.М.;
  • Мониторинг и оптимизация экологической безопасности пищевых продуктов на основе инновационных технологий. Ғылыми жетекші -х.ғ.к., доцент Сулейменова М.Ш.;
  • Метод оценки влияния нефтегазодобывающей отрасли на экологическую обстановку окружающей природной среды. Ғылыми жетекші – т.ғ.д., профессор Заурбеков Н.С.;
  • Разработка высокоэффективной технологии комплексной переработки дыни с получением продуктов функционального назначения. Ғылыми жетекші – т.ғ.д., профессор Медведков Е.Б.;
  • Проблемы и пути развития устойчивого экологического туризма в Казахстане: методология и практические пути. Ғылыми жетекші – т.ғ.д., профессор Мухамбетов Т.И.;
  • Разработка технологии макаронных изделий функционального назначения для разных групп населения с использованием сырьевых ресурсов растительного происхождения. Ғылыми жетекшісі – т.ғ.д., акад. Изтаев А.И.

    Разработка инновационной технологии полутвердых сыров с использованием новых бактериальных композиций и наполнителей – т.ғ.д., профессор Алимарданова М.К.
    Производство экологически безопасных пищевых добавок и продуктов направленного действия из сельскохозяйственного сырья – т.ғ.д., профессор Байболова Л.К.
    ҚР ҒжБМ «2013-2015жж. Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша – 1 жоба: Проектирование параллельного манипулятора типа трипод – т.ғ.д., профессор Нурахметов Б.К.

    2014 жылдың 14 қазанындағы №64 шарт аясында ақпараттық қызметті ұсыну бойынша Алматы технологиялық университетімен ЖШС «Технологияларды коммерциаландыру орталығы» арасында коммерциаландыру мүмкіндігіне ие (қаржыландыру сомасы 500 000 тенге), перспективті технологиялар мен зерттеулердің дерек қорын қалыптастыру үшін технологиялық аудит өткізілді. 

    АТУ АҚ жобаларын жүзеге асыру үшін ТҚ ҒЗИ қызметкерлері қатысты:
    – Разработка инновационных технологий глубокой переработки нетрадиционного зернового сырья в новые продукты. Жетекшілері: Изтаев А.И., Шаймерденова Д.А.
    – Разработка и внедрение инновационных технологий по глубокой переработке молока сельскохозяйственных животных (коровье, козье, кобылье, верблюжье, овечье молоко). Жетекші Құлажанов Қ.С.

    2014-2016 жж. Тақырыптық жоспарға сәйкес университет бойынша келесі негізгі бағыттар бойынша 47 ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалуда:

    • Сақтаудың озық технологиясы және тағамдық, биологиялық құндылығы жоғары тағам өнімдерін жасау үшін ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
    • Тағам, жеңіл және тоқыма өнеркәсібі инженериясы;
    • Тағам өндірісі қауіпсіздігінің химиялық, биологиялық және экологиялық аспектілері;
    • Халықтық тұтыну тауарларының, жеңіл өнеркәсібінің және тоқыма бұйымдарының технологиясы және қауіпсіздігі, моделдеу, құрастыру;
    • Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету мәселелері;
    • Жаратылыстану, әслеуметтік – гуманитарлы және қоғамдық – саяси ғылымдар саласындағы зерттеулер;
    • Білім берудегі инновациялық технологиялар.

    Университеттің негізгі миссиясына,өзінің қызметі үдерісінде жүзеге асатын және ғылыми мектептерді ескере отырып, сонымен қатар мақсаттары және міндеттеріне сәйкес, университетте негізгі бағыттары бойынша кадрларды дайындау бойынша жүргізілетін іргелі және қолданбалы зерттеу негізінде ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары анықталған. Бұл бағыттар тұтастай Республиканың дамуы приоритеттері мен мақсатына байланысты анықталған:

    – Өсімдіктектекті және жануартекті шикізаттарды қайта өңдеу және сақтаудың техникасы және технологиясы;
    – Емдік – профилактикалық функционалды тағам өнімдерінің инновациялы технологиясы;
    – Тоқыма және жеңіл өнеркәсіп бұйымдары технологиясының және жобалаудың инновациялы әдістері;
    – Тағам өнімдерінің биотехнологиялық, химиялық және экологиялық аспектілері;
    – Тағам өнімдері және азық –түлік емес тауарлардың қауіпсіздігі;
    – Тағам және жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындары дамуының экономкиалық механизмін және басқаруды жетілдіру.

    Университеттің әлемдік қауымдастықта танылуы университет базасында түрлі маңызды халықаралық іс – шараларды: конференцияларды, семинарларды, мәжілістерді өткізу болып табылады.

    Халықаралық және республикалық ғылыми және ғылыми – техникалық іс – шаралар жоспарына сәйкес университетте жылсайын келесі конференциялар өткізіледі:

    • «Тамақ, жеңіл өнеркәсіптері мен қонақжайлылық индустрияның инновациялық дамуы» халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы;
    • «Ғылым. Білім. Жастар» жас ғалымдардың республикалық ғылыми – тәжірибелік конференциясы.