Оқу-ғылыми ет өндеу жөніндегі орталығының қызмет етуі білім, ғылым мен өндірісті біріктіру және үздік халықаралық тәжірибе негізінде жоғары білікті мамандар даярлауға және ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталық шұжық және ет өндірісіндегі соңғы жетістіктерге негізделіп жабдықталған. Етті мүшелеу, сылып алу, азықтандыру, жентек тарту, дайын шұжық және ет өнімдерін қалыпқа келтіру, термоөңдеу үдерістері толық ұйымдастырылған.

Орталық келесі жабдықтармен жабдықталған: термокамера (УК-3/1М100), тоңазытқыш камера КХН-9, ет тартқыш La Minerva АЕ-22, гидравликалық шприц La Minerva CE INS/32, жентек араластырғыш ha Minerva C/E MM-30, куттер Talsa K15, инъектор, вакуумдық массажер Suhner VT-20, вакуумдық қаптағыш, клипсатор «Корунд-клип» 1-25Р, өндірістік үстелдер, 2-секциялық жуу ваннасы және т.б.

Жас ғалымдардың Орталықта жасаған зерттемелері республикалық қана емес, халықаралық деңгейдегі түрлі байқауларға, көрмелерге тұрақты түрде қатысады. Магистранттар мен докторанттардың өнімдері «Золотая осень» Ресей агроөнеркәсіп көрмесінде (Ресей, Мәскеу қ.), «Молочная и Мясная индустрия» халықаралық көрмесінде, «Қараөткел», «Алтын дастархан», «Kazakhstan Food Market» және т.б. сияқты отандық көрмелерде алтын, күміс және қола медальдарымен, сондай-ақ құрмет грамоталарымен жыл сайын марапатталады.

2012 жылы 12 қазанда «Тағам, жеңіл өнеркәсібі және қонақжайлық индустриясының инновациялық дамуы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысы аясында оқу-ғылыми нан орталығының салтанатты ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Қазақстан, Ұлыбритания, Чехия, Болгария, Испания, Италия, Ресей, Украина, Белоруссия, Корея Республикасы, Қырғызстан және Өзбекстан сияқты әлемнің 12 елінің жетекші университеттері мен ғылыми орталықтарынан келген қонақтар қатысты.

Оқу-ғылыми нан орталығының қызмет етуі ірі жетістіктердің бірі болып табылады және университеттің ғылыми зерттемелерін өндіріске енгізуге, Қазақстанның жетекші компаниялары өкілдерімен семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізуге зор мүмкіндіктер ашады. Соңғы бес жылда республиканың тағам және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына дәнді-бұршақты дақылдардың технологиялық, тұқымдық артықшылықтарын, нанның сапасын жақсарту бойынша онға жуық инновациялық жобалар ұсынылды, олардың бесеуі өндіріске енгізілген. Олардың ішінде – «Алтын Диірмен» АҚ-ндағы жарықты аспирацияның жетілдірілген жүйесі, «KazBestGray» ЖШС-ндегі астық пен қамырды өңдеудің ионоозондық технологиясы, «Ақсай» ЖШС-ндегі бидай нанының жаңа түрлерін өңдіру технологиясы.

Оқу-ғылыми сүт орталығы ашымал сүт өнімдерін, сүзбе, ірімшік және балмұздақ өндіру бағытында қызмет жасайды. Тиісінше келесі жабдықтармен жабдықталған: сүт және ашымал сүт өнімдеріне арналған 2 танк, гомогенизатор Бертоли, жылытқыш, өлшеп орайтын автомат, тығындайтын автомат-пистолет, ортадан тепкіш сорғы, ірімшікке арналған кешен, моцареллаға арналған қондырғы, ірімшікке арналған пресс, фризер, сепаратор, миксер, Дженвей аспабы және стеллаждар.

Орталықта ғалымдар сүт және сүт өнімдері технологиясы бойынша зертханалық және зерттеу жұмыстары жүргізіледі, түрлі сұрыпталымдағы йогурт, сүзбе, ірімшіктер, балмұздақтар сияқты сүт өнімдерінің жаңа түрлерін, соның ішінде ұлттық сүт өнімдерін өндірудің режимдері мен әдістері зерттеледі.

2015 жылдың 30 қазанында оқу-ғылыми макарон орталығының салтанатты ашылуы өтіп, ашылу рәсіміне Қазақстан, Ресей, Украина елдерінің жетекші университеттері мен ғылыми ортақытарынан келген қонақтар, сондай-ақ оқытушылар мен Қазақстанның тағам саласының алдыңғы қатарлы кәсіпорындарының өкілдері қатысты. 

Құрметті қонақтар сапалы білім алудың, инновациялық технологияларды зерттеудің, тұрғындар үшін функционалды мақсаттағы өнімдерді әзірлеудің басты шарттарының бірі ретіндегі оқу-ғылыми макарон орталығының маңыздылығын жоғары бағалады.

Орталық бидайдың жұмсақ және қатты сорттарының ұнынан (желімтігі 26-32% жоғары сортты нан пісіретін ұн) ұсақ кесілген макарон өнімдерін өндіруге арналған жартылай автоматты шағын желісімен жабдықталған. Шағын желі ПМИ 02 маркалы макарон өнімдерінің прессынан және ШС 1 маркалы екі кептіру шкафтарынан тұрады. Желінің қосымша жабдықтарына У-01 маркалы бөлшектеп өлшеп-қаптайтын жартылай автомат және МП-03 маркалы ұн елеуіш кіреді.

Қосбункерлік ПМИ 02 макарон өнімдерінің прессы қамырды араластыруға, бидайдың кез келген сорттарының ұнынан макарон өнімдерін қалыптауға, кесуге және алдын ала құрғатуға арналған. ШС-1 маркалы кептіру шкафы бастапқы 36,2% ылғалдықтан 19% қалдық ылғалдығына дейін макарон өнімдерін кептіруге арналған. Макарон өнімдерін кептіру оларды ыстық ауамен мәжбүрлі үрлеу арқылы іске асырылады. Кептіру шкафы жартылай автоматты режимде жұмыс істейді. Температуралық режим автоматты түрде сақталып тұрады.

Оқу-ғылыми макарон орталығы университет ғалымдарының ғылыми зерттемелерді өндіріске енгізуге; семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізуге; докторанттар, магистранттар мен студенттердің зертханалық және зерттеу жұмыстарын жүргізуге зор мүмкіндіктер береді.