Ғылым басқармасының негізгі мақсаттары:

  • АТУ- де жүргізілетін, ғылыми – зерттеу жұмыстарды (ҒЗЖ) жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру және енгізу;
  • сыртқы байланыстарды дамыту, ғылым және білім саласында қазақстандық және шетелдік әріптестермен ынтымақтастық орнату;
  • зияткерлік меншікті қорғау, норма – бақылау жүргізу және ҒЗЖ метрологиялық қамтамасыз ету;
  • ақпараттық ізденіс, нормативтік қамтамасыз ету және іргелі, қолданбалы, инновациялы және гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша басқа қаржыландыру көздерін іздеуге көмектесу;
  • студенттердің ҒЗЖ қатынасуын белсенділендіру;
  • іргелі, қолданбалы зерттеулердің және университет ғалымдарының техникалық зерттемелерінің деңгейін арттырудың ғылыми – ұйымдастырушылықтық қамтамасыз ету;
  • ҒЗЖ тақырыптық жоспары аясында орындалатын, ғылыми зерттеулердің көлемін арттыру;
  • университеттің құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми – зерттеу қызметтерін жандандыру;
  • зияткерлік, материалды, қаржылық, ақпараттық және басқа ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру.

  • Ғылым басқармасының қызметі келесі міндеттерді орындауға бағытталған:

  • әлеуметтік – саясатты, экономикалық және ғылыми – техникалық жағдайда, бюджеттік және бюджеттен тыс ҒЗЖ есеп беруін және жоспарлау жүйесін ұйымдастыру;
  • негізгі ғылыми бағыттары аясында университет кафедраларының барлық бюджеттік және бюджеттен тыс ҒЗЖ үйлестіру;
  • университеттің ғылыми – білім беру кеңістігінің мониторингі;
  • толық пайдалану үшін және АТУ –нің құрылымдық бөлімшелерінің және жеке қызметкерлерінің ғылыми – техникалық потенциалын дамытуға қажетті жағдайды қамтамасыз ету;
  • бюджеттік және бюджеттік емес ҒЗЖ қамтамасыз етуде университеттің қызметтерімен кеңінен ынтымақтасу;
  • ғылыми және ғылыми – өндірістік қызмет саласында шет елдік және Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелерімен, жоғары оқу орындарымен байланыстар орнату;
  • ғылым және жаңа технология саласында халықаралық ынтымақтастық бағдарламасын дайындауда көмектесу;
  • шетелдік инвесторларды тарту үшін бизнес – жоспарлар және жобаларды дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • халықаралық, республикалық және университеттік ғылыми конференцияларды, семинарларды және көрмелерді өткізу және ұйымдастыру;
  • жаңа техниканы, технологияны және материалдарды, инновациялық ғылыми зерттеулерді жасауда және дайындауда, сонымен бірге АТУ зияткерлік меншікті қорғауда патентті – ақпаратты және нормативтік – техникалық қамтамасыз ету;
  • қазіргі жабдықтардың негізінде университеттің жаңа сапалы эксперименттік – өндірістік базасын жасау;
  • ғылыми ұжымды ақпаратпен қолдау көрсету және зияткерлік қызметте және ғылым қажетсінетін технология нарығында олардың зерттеулерін белсенді алға жылжыту;
  • ақпараттық ізденіс, нормативтік қамтамасыз ету және іргелі, қолданбалы, инновациялы және басқа гуманитарлы, жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша зерттеулердің қаржыландыру көздерін іздеуге көмектесу;
  • Университет студенттерінің ҒЗЖ үйлестіру;
  • кафедралармен және ғылыми жетекшілермен СҒЗЖ және ҒЗЖ ұйымдастыру бойынша тәжірибелерді тарату және жинақтау, талдау;
  • ғылыми зерттеулерді жандандыруға және алынған нәтижелерді АТУ оқу үдерісіне және өндіріске енгізуге көмектесу;
  • негізгі ғылыми бағыттар бойынша қарқынды ғылыми – зерттеу қызметінде университеттің ғылыми және ғылыми – педагогикалық ұжымдарын енгізу;
  • Университеттің жетекші мамандарының ҚР академияларымен, кәсіпорындарымен және түрлі фондтармен, республикалық мекемелермен, ҚР мекемелерімен, министрліктермен үйлестіретін және тапсырыс беретін ғылыми бағдарламаларды дайындауға қатынасуын қамтамасыз ету.

  • ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БӨЛІМІ Ғылыми жұмысты ұйымдастыру бөлімі ғылым және техниканың приоритетті бағытына сәйкес ғылыми қызметтің негізгі бағыттары аясында университеттің жеке ғалымдарының және ғылыми – педагогикалық ұжымның ғылыми жұмыстарын үйлестіруді қамтамасыз ететін, Ғылым басқармасының құрамына кіретін, университеттің құрылымдық бөлімшесі.

    Бөлімнің негізгі мақсаттары:

  • университет ғалымдарының техникалық зерттеулерінің және іргелі, қолданбалы зерттеулерінің деңгейін арттыруды ғылыми – ұйымдастырумен қамтамасыз ету;
  • ҒЗЖ тақырыпты жоспары бойынша орындалатын ғылыми зерттеулердің көлемін арттыру;
  • университеттің құрылымдық бөлімшелерінің ғылыми зерттеу қызметтерін жандандыру;
  • білім, ғылым, инновациялық, әлеуметтік және басқа да АТУ – нің құрылымдық бөлімшелерінің, сонымен бірге басқа мекемелер және ұйымдардың зияткерлік, материалдық, қаржылық, ақпараттық және басқа ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыру.

  • ҒЖҰБ қызметі келесі міндеттерді орындауға бағытталған:

  • АТУ құрылымдық бөлімшелерінің және басқа қызметкерлерінің ғылыми – техникалық потенциалын дамыту және толық пайдалану үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз ету;
  • әлеуметтік – саяси, экономикалық және ғылыми – техникалық жағдайға сәйкес бюджеттік және бюджеттен тыс ҒЗЖ есептілігін және жоспарлау жүйесін ұйымдастыру;
  • негізгі ғылыми бағыттарға сәйкес АТУ кафедраларының бюджеттік және бюджеттен тыс ҒЗЖ үйлестіру;
  • АТУ – дың ғылыми және ғылыми педагогикалық мектеп ұжымын негізгі ғылыми бағыттар бойынша қарқынды ғылыми зерттеу қызметіне қосу;
  • университеттің ғылыми – білім кеңістігіне мониторинг жүргізу;
  • ОПҚ жұмысының жеке жоспарының «екінші жарты» бойынша бюджеттен тыс зерттеулерді өткізуге кафедра меңгерушілерінің жауапкершілігін жоғарылату бойынша тәжірибелік – болжамдық қызметті жүргізу;
  • ҒБ қызметінің жалпы құрылымына ҒЖҰБ қызметін біріктіру;
  • бюджеттік және бюджеттен тыс ҒЗЖ қамтамасыз етуде университет қызметімен тығыз қарым-қатынаста болу.

  • АҚПАРАТТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ ЖӘНЕ ПАТЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

    Ақпараттық қамтамасыздандыру және патенттік зерттеу бөлімі Ғылым басқармасының құрамына кіретін, университеттің құрылымдық бөлімшесі.

    АҚжПЗБ негізгі мақсаттары:

  • зияткерлік меншікті қорғау, норма – бақылау жүргізу және ҒЗЖ метрологиялық қамтамасыз ету;
  • ғылым және білім саласында қазақстандық және шет елдік әріптестермен ынтымақтастық орнату және сыртқы байланыстарды дамыту;
  • мәліметтерді іздеуге, нормативтік қамтамасыздандыру және іргелі, қолданбалы, инновациялық және басқа гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық ғылымдар бойынша қаржыландыру көздерін іздеуге көмектесу;
  • студенттерді ҒЗЖ қатысуға белсенділендіру;
  • коммерциялық пайдалану перспективасы бар, АТУ ғалымдарының, оқытушыларының, қызметкерлерінің зияткерлік қызметтерінің нәтижелерін анықтау, өндіріске және оқу үдерісіне АТУ экспериментті – инновациялық қызметтерінің нәтижелерін ендіру.

  • АҚжПЗБ қызметі келесі міндеттерді орындауға бағытталған:

  • зерттеу кезіндегі патентті – ақпараттық және нормативтік – техникалық қамтамасыз ету, жаңа техниканы, технологияны және материалдарды, инновациялық ғылыми зерттеулерді жасау;
  • қазіргі жабдықтар негізінде университеттің жаңа сапалы эксперименттік – өндірістік базасын жасау;
  • ғылыми және ғылыми – өндірістік қызмет саласында жоғары оқу орындарымен, Қазақстан Республикасының ғылыми мекемелерімен және шет елдермен байланыс орнату;
  • халықаралық, республикалық және университеттік ғылыми конференцияларды, семинарларды және көрмелерді өткізу және ұйымдастыру;
  • ғылым және жаңа технологиялар саласында халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларды әзірлеуге көмектесу;
  • шетелдік инвесторларды тарту үшін бизнес жоспарларды және жобаларды дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
  • ғылыми ұжымды ақпаратпен қолдау және зияткерлік қызмет және ғылымды қажетсінетін технологиялар нарығында ғылыми ұжымның зерттеулерін белсенді көтеру;
  • университет студенттерінің ҒЗЖ координациялау;
  • ғылыми зерттеулерді белсендіруге және алынған нәтижелерді АТУ оқу үдерісіне және өндіріске енгізуге көмектесу;
  • кафедралармен және ғылыми жетекшілермен ҒЗЖ және СҒЗЖ ұйымдастыру бойынша тәжірибелерді тарату және жинақтау, талдау.