Қазақстандық актер Фархад Абдраимов: «Менің өмірімде өз жолымды табуға және туған елімнің дамуына біраз үлес қосуға мүмкіндік берген іргелі білім үшін Алматы технологиялық университетінің ұжымына алғыс білдіргім келеді».

Дизайнер, «Aida Kaumenova» сән үйінің директоры Аида Қауменова: «Бұл жерде терең әрі кең білім береді. Ал АТУ үдерістің техникалық және шығармашылық жақтары тығыз байланысқан жалғыз университет. Менің бұл университетте алған білімім мен тәжірибем баға жетпес байлық».

ҚР бухгалтерлер мен аудиторлар қауымдастығының президенті Валерия Ерошкина: «АТУ-дың жылдар бойғы табысты тарихы бар. Университет мыңдаған студенттерге жол ашты. Оқытушылардың тәжірибесі мен таланты, студенттерді ықыласпен оқыту, дәстүрлерге адалдық – осының барлығы менің өмір жолымды және көптеген түлектердің тағдырын анықтады». бол!

«Эфес Қазақстан» АҚ Алматы филиалының директоры Станислав Вериш: «Алматы технологиялық университетіне, нақтырақ айтсам өте мықты оқытушылар құрамына алған білімім үшін алғыс айтқым келеді».

«Қазақстан Аруы – 2007», «Әлем аруы – 2008» (Топ-15 құрамына кірді), «Miss Global International 2011» төртінші вице-аруы – Альфина Насырова: «Мен Алматы технологиялық университетіне жұмысы мен ақыл-кеңестері үшін алғысымды білдіремін! Ақ баталарыңыз үшін, адал үміттеріңіз үшін, сапалы білім мен табысқа жетелеген сенімдеріңіз үшін көп рақмет! Мен дәл осы ЖОО-да білім алғаныма ризамын және мақтанамын!

Жайдарман (КТК) Алматы филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов: «Ең басында мен Алматы технологиялық университетіне осында оқып жүрген сыныптастарымның кеңесімен келдім. Мен АТУ-да білім алдым, жатақханасында тұрдым. Бұл – менің өмірмінің ең қызықты кезеңдері еді. Мен өз таңдауым үшін ешқашан өкінген емеспін».

Дизайнер, «JudyAi» брендінің негізін қалаушы, KFW сән көрсетілімінің тұрақты қатысушысы – Жұлдызай Жұматаева: «Мен АТУ-да білім алғанымды мақтан етемін. Біз елдегі ең мықты университеттер қатарына кіреміз. Осындағы жетекші мамандардан сапалы білім ала білсек, шет елде оқудың қажеті жоқ».

Дизайнер, “Salta fashion” брэндінің негізін қалаушы – Салта(Salta): «Мүмкіндікті пайдалана отырып, АТУ-дың бұрынғы ректоры, бүгінде президенті Құралбек Сәдібайұлына және бұрынға кафедра меңгерушісі Мұрат Мырзаға студенттерге көрсеткен қолдауы үшін және берген еркіндігі үшін үлкен алғысымды айтқым келеді. Солардың арқасында біз студенттік коллекциялар жасап, дизайнерлік байқаулар мен фестивальдарға қатыстық.