• РУС
  • ҚАЗ
  • ENG

АТУ ректоры Құлажанов Талғат Құралбекұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайланды

Алматы технологиялық университетінің ұжымы Талғат Құралбекұлы Құлажановты Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайлануымен шын жүректен құттықтайды. Қай уақытта да ғылыми жетістіктер халықтың жоғары интеллектуалдық әлеуетінің көрсеткіші болды және қоғам мүдделері мен мұраттарына қызмет етті, елдің мақтанышы болды. Сізге жаңа жобаларыңызға сәттілік, жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз! ...

Нұрлан Қаппаров атындағы стипендия тағайындау туралы

Өз университетіңмен байланыс, оның әр шарасына қатысу және корпоративті мәдениет пен ынтымақты қалыптастыру университет түлектерінің асыл миссиясы. Түлектер қауымдастығы мен Қамқоршылық кеңестің бастамасымен Алматы технологиялық университетінде құрылған ATУ Эндаумент корпоративтік қоры түлектерден, іскери серіктестерден қаржы ресурстарын жинап, дарынды жастар мен ғылыми зерттеулерді қолдауға инвестиция құяды. Біз АТУ түлегі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, кәсіпкер Нұрлан... ...

2020 жылдың 28 мамырында өткен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған жас ғалымдардың «ҒЫЛЫМ. БІЛІМ. ЖАСТАР» республикалық ғылыми-практикалық конференциясы

28 мамырда Алматы технологиялық университетінде Zoom платформасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Ғылым. Білім. Жастар» атты жас ғалымдардың республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға студенттер, магистранттар, докторанттар, жас ғалымдар, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының мамандары қатысты. Шәкәрім Құдайберлиев атындағы университет,  Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Қазақ технология және бизнес университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ... ...

«ҰЛЫ ДАЛА МҰРАТТАРЫ ЖӘНЕ ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАЛАРЫ»

2020 жылдың 10 мамырында Алматы технологиялық университеті, Білім және ғылым Министрлігінің және ЖОО-ның «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедралары Ассоциациясының қолдауымен, ZOOM платформасында ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «ҰЛЫ ДАЛА МҰРАТТАРЫ ЖӘНЕ ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАЛАРЫ» атты республикалық онлайн-дөңгелек үстел өткізді. Бұл іс-шараны университеттің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д. Қодар Зәмзә Мүтәшқызы ұйымдастырды. Кездесуге Нұр-сұлтан қаласынан «Қазақстан... ...

Отан қорғаушылар күнімен ер азаматтарымызды құттықтаймыз!

Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз! ...

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

Жеңіс Күні – ең қымбатты, қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі. Қазіргі бейбіт күн мен бақытты болашағымыз үшін қадірлі ардагерлерге қарыздармыз! Қасиетті де ұлы мереке қарсаңында Сіздерді Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңыздың отбасыларыңызға ізгіліктер мен жақсылықтар тілейміз! http://atu.kz/wp-content/uploads/2020/05/VID-20200508-WA0013.mp4 ...