Жаңалықтар

Ректор Талғат Құралбекұлы Құлажановтың түлектерді құттықтау сөзі

Сендерді Алматы технологиялық университетін бітірулеріңмен құттықтаймын! Оқу орнының тарихында біз 55 мың түлек ұшырып шығардық. Бұл – біздің қызметіміздің, қарқынды өсуіміздің басты факторы.

Биылғы бітірушілердің жағдайы басқаларынан өзгеше. Дүниежүзілік пандемия мен коронавирустың таралуы біздің қалыпты өмірімізді өзгертті. Бірақ сендер күн сайын қиындықтармен күресе отырып, тапсырма орындап, емтихан тапсырып, алға қойған мақсатқа жеттіңдер.

Бүгін сендер жаңа сатыға көтеріліп, біліктіліктеріңді растайтын құжат алып отырсыңдар. Ал АТУ-дың қабырғасында алған білім мүмкіндіктеріңді арттыратынына сенімдімін.

Біздің дәстүріміз бен үлкен өмірге жолдама берген оқу орнымызды ұмытпасаңдар, мен үшін сол – үлкен қуаныш!  Университетте өткізген студенттік өмірді ұмытпаңдар!

Өмірлеріңдегі маңызды күнмен шын жүректен құттықтаймын! Іске сәт! Ақ жол!

– Түлектер тізімі (қосымша 1)
– Түлектер тізімі (қосымша 2)

АТУ ректоры, академик Талғат Құралбекұлы Құлажанов