Хабарландыру

«Ұлы дала мұраттары және Әл-Фараби мұралары» атты онлайн-дөңгелек үстел

Құрметті әріптестер! Сіздерді 2020 жылдың 10 мамырында сағат 14:00-де Алматы технологиялық университетінде ZOOM платформасында өтетін ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы дала мұраттары және Әл-Фараби мұралары» атты онлайн-дөңгелек үстелге қатысуға шақырамыз.

Фарабитанудың өзекті мәселелері, әл-Фараби идеялары мен мұраларының қазіргі жастарға әсері туралы, қазақ халқының мәдени мұрасы туралы, Қазақстан Республикасындағы қоғамдық сананын өзгеруінің  «Рұхани жанғыру» үрдістері туралы әңгіме болады. Дөңгелек үстелге ғалымдар, университет оқытушылары мен студенттер қатысады.

Ұйымдастырушылар: Алматы технологиялық университеті

«Кәсіптік оқыту және қоғамдық ғылымдар» кафедрасы;
«Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы;
«Мемлекеттік және Шетелдік тілдері» кафедрасы.

Барлық сұрақтар бойынша: +7 701 925 01 70.