Жаңалықтар

Ректораттың онлайн-кеңесі сәтті өтті

Үш күн бойы әкімшілік Алматы технологиялық университетінің тағам өндірісі, жеңіл өнеркәсіп және дизайн, инженерлік және ақпараттық технологиялар, экономика және бизнес факультеттерінің оқытушыларымен, сонымен қатар, бакалавр студенттері, магистранттар және докторанттармен кездесулер өтті.

15 және 16 сәуірде ZOOM платформасының негізінде онлайн режимінде оқытушылар құрамымен, 20 сәуірде студенттермен – YouTube каналында сұхбаттасу өтті.

Кездесу барысында профессорлық-оқытушылық құрамның жалақысы мен төтенше жағдайдағы студенттерге стипендия төлеуге байланысты тақырыптар талқыланды. Студенттерге пайдалы электронды ресурстар, компьютерлік бағдарламалар мен мобильді қосымшалар туралы сұрақтар қойылды. Сонымен қатар, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, оқу-әдістемелік әдебиеттермен қамтамасыз ету, ЖОО рейтингі, емтихандар кестесі және т.б тақырыптар қозғалды.

Кездесу соңында баяндамашылар сөз сөйлегеннен кейін сұрақтар талқыланып, университет қызметін жетілдіру бойынша сындарлы ұсыныстар қаралды.