АТУ-дың қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдері

Алматы технологиялық университетінің он үш қабатты әкімшілік ғимараты Алматы қаласының орталығында, Төле би және Ахмет Байтұрсынов көшелерінің қиылысында орналасқан. 2017 жылы оқу ордасына 60 жыл толады. Қызмет еткен жылдары АТУ баға жетпес кадрлық және ғылыми әлеуетін жинақтап, қуатты материалдық-техникалық базасын қалыптастырды, тағам және жеңіл өнеркәсіп салалары үшін жоғары білімі бар 50000-нан астам мамандар даярлап шығарды. АТУ түлектері бүгінде Қазақстан Республикасының түпкір-түпкірінде және көптеген шет елдерінде жұмыс істеп жатыр. Олар Қазақстанның және еңбек етіп жатқан елдердің экономикасы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлестерін қосуда.

Ал университетіміздің тарихы былайша басталған еді…

1957 жыл, 10 мамыр. КСРО азық-түлік тауарлары өнеркәсібі министрлігінің және КСРО Жоғары білім министрлігінің № 155/548 бірлескен бұйрығымен Инженерлік-техникалық қызметкерлері мен басшыларын жетілдіру институтының Алматы филиалы КСРО Жоғары білім Министрлігінің қарауына беріліп, Бүкілодақтық тағам өнеркәсібі сырттай институтының Алматы филиалы болып құрылды.

1966 жыл, 4 маусым. РКФСР Министрлер Кеңесінің №1501 Өкімімен Жалпыодақтық тағам өнеркәсібі сырттай институтының Алматы филиалы Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының қарауына берілді.

1966 жыл, 11 тамыз. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің №1365-р Өкімімен Бүкілодақтық тағам өнеркәсібі сырттай институтының Алматы филиалы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалы болып өзгертілді (ЖЖТӨТИ АФ).

16 желтоксан 1976 жыл Технологиялық университет ғимаратының іргетасын алғашқы бетонмен құю сәті

1996 жыл, 7 мамыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №573 Қаулысымен Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалы Алматы технологиялық институты (АТИ) болып қайта құрылды.

1999 жыл, 18 тамыз. Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1192 Қаулысымен Алматы технологиялық институты коммерциялық емес ұйым ретінде «Алматы технологиялық университеті Жабық акционерлік қоғамы (АТУ ЖАҚ) болып қайта құрылды.

2003 жыл, 15 желтоқсан. Қазақстан Республикасының № 415 ІІ 2003 жылғы 12 мамырдағы Акционерлік қоғамдар туралы Заңы негізінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен (хаттама №14) Алматы технологиялық университеті жабық акционерлік қоғамы Алматы технологиялық университеті акционерлік қоғамы (АТУ АҚ) болып қайта құрылды.

Екі мыңыншы жылдардың басы Алматы технологиялық университетінің ірлегі дамып, өркендеген кезеңі болды. Бірақ кез келген оқу ордасы, бірінші кезекте, онда жұмыс істеп жатқан адамдардың арқасында өнімді қызмет ететіні белгілі. Оқу ордасында жұмыс істеген көптеген адамдардың, жоғары оқу орнының қалыптасуының университеттік кезеңіне дейінгі басшылардың еңбегі АТУ-дың қалыптасуының негізінде жатыр. Бүгін біздің оқу ордамыздың өркендеуіне зор үлес қосқан ЖЖТӨТИ АФ бұрынғы директорлары есімдерін аса ризашылықпен еске аламыз. Олар:

history_pic2 Баймендин Хажетден

1958-1969 жылдары: Бүкілодақтық тағам өнеркәсібінің сырттай оқыту институтының директоры, 1966 жылдан бастап Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалының алғашқы директоры, т.ғ.к., доцент Баймедин Хажетден;

history_pic3 Джумагулова Лаура Имамгазиевна

1969-1973 жылдары: Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалының директоры техника ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмағұлова Лаура Имамғазықызы;

history_pic4 Ескаиров Маху Ескаирович

1973-1986 годы: Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалының директоры, химия ғылымдарының кандидаты, доцент Есқайыров Маху Есқайырұлы;

history_pic5 Сагындыков Кенес Курманбекович

1986-1993 жылдары: Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалының директоры Сағындықов Кеңес Кұрманбекұлы;

history_pic6 Мамыров Нургали Кулшыманович

1993-1994 жылдары: Жамбыл тамақ және жеңіл өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалының директоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мамыров Нұрғали Кұлшыманұлы.

1994 жылы ЖЖТӨТИ Алматы филиалының директоры болып химия ғылымдарының докторы, профессор Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы тағайындалады,1996 жылдан Филиал негізінде құрылған Алматы технологиялық институтына басшылық етеді. 1999 жылдан ол институт негізінде құрылған Алматы технологиялық университетіне басшылық жасайды.

1957 жылы Бүкілодақтық тағам өнеркәсібі сырттай институтының Алматы филиалының құрылуы Қазақ КСР-і мен сол кездегі Одақтас мемлекеттің халық шаруашылығының өзекті мәселелерінен туындады. 1957-1958 жылдар Қазақстанның жеңіл және тағам өнеркәсібі салалары үшін мамандар даярлау қажеттілігіндегі шешуші белеске айналды. Оның алғышарты ретінде республиканың аграрлық-өнеркәсіп кешенін, жалпы ел экономикасын екпінді дамыту қажеттіліктері тұрды. Жаңа өлшемдегі өмір басталды, ауқымды міндеттер шешіле бастады. Осыған орай 1964 жылы БТӨСИ Алматы филиалына Алма-Ата қаласының орталығындағы Коммунистік (бүгінгі Абылай хан) көшесі мен Мәметова көшесінің қиылысындағы жалпы көлемі 3052 кв. метр құрайтын төрт қабатты ғимарат берілді. Алғашқы оқу аудиториялары мен зертханалар ашылған болатын. 1966 жылы БТӨСИ диірмен шаруашылықтары, нан зауаыттары, сыра қайнату және ликер-арақ, шампан шараптары зауыттары, ет-сүт комбинаттары, кондитер және макрон фабрикалары, мейрамханалар мен қоғамдық тамақтандыру нысандары үшін жергілікті мамандар даярлау мақсатында Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының филиалына айналды. ЖЖТӨТИ АФ-на алғашқы қабылдау және Филиалдан түлектер шығару 400-ге жуық адам құрады.

1970 жылы Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалына Киров (бүгінгі Бөгенбай батыр) көшесінің қиылысындағы Фурманов көшесінің бойындағы П.И. Чайковский атындағы музыкалық училищеге тиесілі болған тағы бір ғимарат берілді.

1987 жылы ЖЖТӨТИ АФ-на Алматы қаласында қызмет еткен ЖЖТӨТИ-ның Жалпытехникалық факультеті қосылып, осы уақыттан бастап Юрий Гагарин атындағы тігін фабрикасы, Қарағанды шұлық-ұйық фабрикасы, Алматы кілем комбинаты, Алматы мақта-мата комбинаты үшін жеңіл және тоқыма өнеркәсібі бойынша мамандар даярлай бастайды.

Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалындағы алғашқы Арнаулы технологиялар кафедрасы 1967 жылы ашылған болатын. Бүгін ол Астық өнімдері және өңдеу өндірістерініңтехнологиясы деп аталады. Кафедра 1971 жылдан бастап мамандар шығарады және оқытудың барлық кезеңі ішінде 4000-нан астам мамандарды даярлады. Сол жылдары кафедрада небәрі 4 оқытушы, соның ішінде 1 доцент жұмыс істеді. Бүгінде кафедра құрамында 16 оқытушы, соның ішінде 2 техника ғылымдарының докторы және 14 ғылым кандидаттары бар. Кафедраға әр жылдары жетекшілік еткен техника ғылымдарының кандидаттары, доценттер Жұмағұлова Лаура Имамғазиқызы, Баярстанов Төлеубек Жүсіпұлы, Идгеев Бахтығали Қаирғалиұлы, Росляков Михаил Григорьевич, Байболов Кемербек Байболұлы оның дамуына өлшеусіз үлес қосты.

1960-шы жылдары Филиал оқытушыларың штаты 27 адамды құрады, оның ішінде 9 доцент, 5 аға оқытушы, 13 ассистент болды. Бұл жылдар жас оқу орнын ұйымдастыру мен ұжымды басқару тәжірибесін жинақтау кезеңі болды. 1970-шы жылдардың басына қарай Филиалда 66 адам жұмыс істеді, оның ішінде 21 ғылым кандидаты, 18 доцент, 23 аға оқытушылар. КОКП тарихы, философия және ғылыми коммунизм, Саяси экономия, Химия, Физика, Жоғары математика және графика, Шет тілдері, жалпы инженерлік пәндер, Теориялық және техникалық механика сияқты жаңа кафедралар ашылды. Бұл жылдар ғылыми зерттеулердің түрлі бағыттарының қалыптасуымен де ерекшеленеді. Даярланатын мамандықтар саны, студенттер контингенті, тиісінше барлық санаттағы қызметкерлердің саны да арта түсті.

1980-шы жылдар профессорлар-оқытушылар құрамының сапалық және сандық өсімімен ерекшеленді. Оқытушылар біліктілікті жоғарылатуға, аспирантура мен докторантурада оқу үшін Мәскеу, Ленинград, Кемерово қалалары мен КСРО-ның басқа қалаларының жоғары оқу орындарына жіберілді. Ресейлік жоғары оқу орындарында кандидаттық диссертацияларды белсенді қорғау басталады: Байболов Кемербек, Дайрашева Светлана, Жұмабекова Злиха, Қизатова Майгүл, Аленова Даметкен, Оңғарбаева Нұрлаим, Сұрашов Ағабек, Бекдаирова Гүлғайша, Ибрагимова Людмила және басқалар.

Өткен ғасырдың сексенінші жылдарының тағы бір ерекшелігі, осы кезеңде Филиал айрықша мәртебеге ие болып, ЖЖТӨТИ-ның дербес бөлімшесі ретінде жұмыс істеді. Біртіндеп автономды филиалдың өндіріспен байланысы нығая түсті. Қала кәсіпорындарымен студенттердің тәжірибелік және зертханалық сабақтарын және өндірістік тәжрибелерін солардың алаңдарында өткізу туралы алғашқы келісімшарттар жасалды. Филиалдың қалыптасуы мен дамуының осы елеулі кезеңінде бас жоғары оқу орны Жамбыл жеңіл және тағам өнеркәсібі технологиялық институтына химия ғылымдарының докторы, профессор Мұхаметқалиев Тасболат Марденұлы басшылық жасады. 2000 жылдан бастап ол АТУ-да түрлі әкімшілік-басқару қызметтерінде еңбек етуде.

1987 жылы Филиал кафедрларының бірі бөлігі Комсомольская (бүгінгі Төле би) көшесі бойындағы жаңа көпқабатты ғимаратқа көшеді. 90-шы жылдардың басына таман АТУ-дың үш оқу ғимараты мен студенттік жатақханасы болған. Осы уақытта Филиалда 3 факультет: Тұрмыстық қызмет көрсету, Астық өнімдері және Тағам өндірістері факультеттері және 18 кафедра: Социализм тарихы және теориясы (т.ғ.д., профессор Кенжебаев Мухан); Саяси экономия және философия (э.ғ.к., доцент Жемісов Молдахмет); Жоғары математика (ф-м.ғ.к., доцент Бирюкова Фрида); Экономика және өндірістерді ұйымдастыру (э.ғ.к., доцент Жақсыбергенов Әбілқасым); Инженерлік графика (т.ғ.к. Оспанов Әбдіманап); Дене тәрбиесі және азаматтық қорғаныс (п.ғ.к. Гринюк Лариса); Жеңіл өнеркәсібі мен тұрмыстық қызмет көрсету технологиялары мен жабдықтары (т.ғ.к., доцент Хромцов Сергей); Нан пісіру, макарон және кондитер өндірістерінің технологиясы (т.ғ.к., доцент Жұмабекова Злиха); Теориялық және қолданбалы механика (т.ғ.к., доцент Ямщиков Игорь); Физика (ф-м.ғ.к., доцент Ретивов Николай); Астықты сақтау және қайта өңдеу технологиялары (т.ғ.к., доцент Росляков Михаил); Жалпыинженерлік пәндер (т.ғ.к., доцент Тоқбаев Мұсахан); Тағам өндірістерінің технологиялары (т.ғ.к., доцент Садықов Әділхан); Тағам өндірістерінің машиналары және аппараттары (т.ғ.к., доцент Сұрашов Ағабек); Автоматика және есептеуіш техникасы (т.ғ.к., профессор Бекбаев Амангелді); Орыс және шетел тілдері (ф.ғ.к., доцент Ергазиева Нарима); Неорганикалық және аналитикалық химия (х.ғ.д., профессор Омаров Төлеутай); Органикалық және физколлоидтық химия (х.ғ.д., доцент Амриев Ракиш) кафедралары жұмыс істеді.

1996 жылы дербес жоғары оқу орны мәртебесін алған Алматы технологиялық институтында төрт факультет: Дизайн және қызмет көрсету, Астық өнімдерінің технологиясы, Тағам технологиялары және Экономикалық факультеттері қалыптасады. Мамандардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау факультеті және даярлық бөлімі ашылады. Институт оқытушылары докторлық диссертациялар қорғай бастайды: Мақашева Ғалия, Ізтаев Әуелбек, Еркебаев Мұрат, Рскелдиев Бердіқұл. Олар АТУ-да жұмыс жасап жатқан алғашқы ғылым докторлардың бірі болды. Университет түлектері ішінен алғашқы техника ғылымдарының докторы Үсембаева Жібек болды.

1990-шы жылдардың екінші жартысы АТУ-дың алыс және жақын шет елдерінің жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыстар орнатумен сипатталады. Оқытушылар мен қызметкерлердің шет елдерде тағылымдамадан өтулері туралы келісімшарттар жасалды: Сән университеті Урбино қ., Италия (Жілісбаева Раушан, Уалиев Кахар, Жаунгарова Асия, Раева Дана), Хайдерабад және Майсур қалаларының университеттері, Үндістан (Орынғалиева Нурия, Еспаева Клара, Кенжебаев Берік. Студенттермен халықаралық алмасу іске қосылады: АТУ-да студенттер Земенек Томас (Чехия, 1998 ж.) және Флориян Зюс (Германия, 1999 ж.) білім алады. Университет шет елдік студенттерді қабылдай бастайды. Ондай алғашқы студенттер университетімізді сәтті аяқтаған Түркия, Қытай Халық Республикасы, Моңғолия елдерінің жастары болды. Алыс шет елдерге оқытушылар мен қызметкерлер оқуға жіберіледі: Түркия Республикасына Ахметбек Марал, Америка Құрама Штаттарына Кенжебаев Берік, Италияға Кауменова Аида және Кучарбаева Қалдыгүл. Студенттік алмасу бойынша АТУ-да Германиядан келген Франк Ферстера білім алады.

Жоғары оқу орнының негізгі кадрлық құрамы 2000-шы жылдардың басынан, яғни институт университетке айналған кезден кейін қалыптасты. Сол кезеңде университетте жұмыс істеген х.ғ.д., профессор Мұхаметқалиев Тасболат Марденұлы (бірінші проректор), э.ғ.д., профессор Нәрібаев Көпжасар Нәрібайұлы (оқу-әдістемелік жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор), х.ғ.д., профессор Мақашева Ғалия Рақымжанқызы, т.ғ.д., профессор Медведков Евгений Борисович, ғылым кандидаттары, доценттер: Батхолдин Қалтай Сейітқажыұлы, Сатвалдинова Амиля Ғаббасқызы, Есайдар Үрзада Серімқызы, Зарицкая Надежда Евгеньевна, аға оқытушы Маметова Зухра Қасымқызы және тағы басқалар оқу ордасының дамуына зор үлес қосты.

Университет ұжымының ардагерлері Бабкин Геннадий Николаевич, Бороздин Михаил Яковлевич, Клунный Павел Пантелеевич, Омаров Сабден, Акимжанов Мухит, Плеханов Лев Георгиевич, Жангозин Шакир, Бесшапов Павел Сергеевич, Бижанов Кудус, Жолдасов Сайдаш, Байков Алексей Андреанович, Горанько Михаил Иванович, Бобеев Абдрахман, Булабаев Тунгишбек және тағы басқалар сияқты 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан Соғысына қатысушылардың ұзақ жылдар бойы олармен бірге еңбек етіп, студенттерді оқытып, тәрбиелегегенін мақтан тұтады.

Екі мыңыншы жылдары университет материалдық-техникалық базасын мақсатты түрде нығайтады, үш оқу ғимаратын, 2245 орындық бес жатақхананы, жабық және ашық спорт кешендерін, үлкен акт залын және тамақтандыру комбинатын пайдалануға береді. Барлық ғимараттардың жалпы көлемі бүгінде 70 мың шаршы метр құрайды. Кітап және ақпараттық қорлары едәуір арта түсті, оқу сабақтары мен ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған заманауй зертханалар ашылады, ғаламдық ақпараттық желілерге кіру қамтамасыз етіледі, Tamos University Suite оқытуды басқарудың автоматты жүйесі енгізіледі, үш ғылыми-зерттеу институты: Тағам технологиялары жөніндегі ҒЗИ; Жеңіл өнеркәсібі проблемалары жөніндегі ҒЗИ және аккредиттелген зертханасы бар Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі жөніндегі ҒЗИ; Нан, Сүт және Ет орталықтары; магистранттарған мен докторанттарға арналған Ғылыми зертхана; АТУ жұмысының бейіні бойынша орта буындағы мамандар даярлайтын Технология-экономикалық колледжі (ТЭК) жұмыс істей бастайды. 2010 жылы университет оқу жоғары оқу орны жанында Ғылыми-технологиялық зерттемелерді коммерцияландыру Кеңсесін ашу жөніндегі ҚР Ұлттық инновациялық қорының байқауын жеңіп алды. Кеңсенің миссиясы университеттің аймақтық орналасқан жеріне сәйкес коммерцияландыру үдерісін тиімді басқаруды ұйымдастыру болды.

Екі мыңыншы жылдардың ортасында ректор Құралбек Құлажановтың бастамасымен университетте Қамқоршылар кеңесі құрылады. Еліміздің 25 жетекші кәсіпорындарының жетекшілері бүгінде АТУ Қамқоршылар кеңесінің мүшелері болып табылады. Бұл Кеңес бизнес пен жоғары оқу орны арасындағы қарым-қатынасты кеңейтуге және белсендетуге берік негіз жасады. Бүгінде көптеген кәсіпорындарда, ірі өндірістік компанияларда, ғылыми орталықтарда АТУ-дың мамандар даярлап шығаратын кафедраларының филиалдары бар.