Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы 
Алматы технологиялық университетінің президенті

Құлажанов Құралбек Сәдібайұлы 1967 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Химия, органикалық катализ» мамандығы бойынша бітірген. Катализ және техникалық химия кафедрасында зерттеуші-тағылымгер қызметін атқарып, 1969 жылы аспирантураға түскен. 1972 жылы аспирантураны сәтті аяқтап, «химия ғылымдарының кандидаты» ғылыми дәрежесін иеленген. 1972-1980 жж. Қ.С. Құлажанов химиялық зерттеулер зертханасының меңгерушісі, сосын – Қазақ көлік ғылыми-зерттеу және жобалау институтының пайдаланылатын материалдар мен химиялық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады. 1980-1994 жылдары Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалының (ЖЖТӨТИ АФ) ғылыми-зерттеу секторының бастығы, филиал директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, «Аналитикалық, физикалық және коллоидтік химия» кафедрасының меңгерушісі, нан өнімдері және тоқыма өнімдерінің технологиясы факультеті деканының орынбасары, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және 1994 жылдан бастап ЖЖТӨТИ филиалының директоры болып жұмыс істеді. 1996 жылы ЖЖТӨТИ Алматы филиалының негізінде құрылған Алматы технологиялық институтына ректоры болып тағайындалды. 1999 жылдан 2014 жылға дейін Алматы технологиялық университетінің ректоры болып қызмет атқарды. 2014 жылдан – Алматы технологиялық университетінің президенті.

Қ.С. Құлажанов – химия ғылымдарының докторы (1995), профессор (1996), Мәскеу тағам өндірісі мемлекеттік академиясының және Андонг Ұлтық университетінің (Оңтүстік Корея) Құрметті профессоры, Қазақстан Республикасының Ұлттық инженерлік ғылым академиясының және Халықаралық инженерлік ғылым академиясының, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының жоғары мектебінің және Халықаралық ғылым академиясының жоғары мектебінің академигі, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының Құрметті академигі.

Қ.С. Құлажановтың авторлығымен 495 ғылыми еңбек жарық көрді, олардың қатарында 29 оқулық мен оқу құралы, 5 монография, 54 авторлық куәлік пен патенттің иегері. Оның ғылыми жетекшілігімен 7 ғылым докторы мен 10 ғылым кандидаты даярланды. Қ.С.Құлажановтың аса іргелі еңбектері үш рет қайта басылған екі томдық ЖОО-ларға арналған «Аналитикалық химия» (қазақ тілінде) оқулығы: 1-ші том – «Талдаудың химиялық әдістері» және 2-ші том – «Талдаудың физика-химиялық әдістері», сонымен қатар ЖОО-ларға арналған «Физикалық және коллоидтық химия» оқулығы, ЖОО-ларға арналған қазақ тіліндегі «Биоорганикалық химия» оқулығы мен «Мұнай өңдеу үдерістерін жетілдіру» оқулығы және т.б. бар.

Қ.С. Құлажанов – ғылым мен жоғары техникалық білімнің белсенді ұйымдастырушысы, оқу үдерісі мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруда жоғары талап қоятын, оқыту үдерісі мен ғылымды ұштастыруға байланысты мәселелерді тұжырымдап, шеше алатын, зерттеулерді халықаралық деңгейдің басым бағыттарына шығаруға шаралар қолданатын іскер тұлға.

Оның басшылығымен ғылыми-зерттеу жұмыстардың көлемі жылдан жылға ұлғайып, кафедралық зертханалар мен кабинеттерді заманауй құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, оқу үдерісін жалпыәлемдік кредиттік оқыту технологиясы бойынша ұйымдастыру, университеттегі оқу және ғылыми үдерісінің әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілу деңгейі өсе түсуде. Қ.С. Құлажановтың басшылығымен университетте күшті материалдық-техникалық база құрылған, академиялық және қолданбалы ғылымның өндіріспен байланысы нығайып келеді, жылдан жылға профессорлар мен оқытушылардың сапалы құрамы артып, ғылыми-білім бері қызметінің кітапханалық-ақпараттық қамтасыз етілуі, ғылыми және оқу зертханалардың заманауй құрал-жабдықтармен жабдықталуы жақсарып келеді. Алматы технологиялық университеті бүгінде тағам, өңдеу өндірісі, тоқыма және жеңіл өнеркәсіп, қонақжайлық және қызмет көрсету индустриясы салалары үшін мамандарды, қызметтің инновациялық саласы үшін жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлауда республикадағы мамандандырылған жетекші ЖОО-ға айналды.

Қ.С. Құлажановтың жоғары кәсіби білім мен ЖОО ғылымын дамыту, жоғары білікті кәсіби және ғылыми кадрларды даярлау саласындағы аса зор еңбегі Қазақстан Республикасының құрметті атақтарымен және марапаттарымен аталып өтілген, атап айтқанда: «Құрмет» орденімен, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» Құрметті атағымен; «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Үздігі» Төсбелгісімен, «Мәдениет қайраткері» Құрмет белгісімен; «Қазақстан Конституциясына-10 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерейтойлық медалдарымен марапатталған.

Құлажанов Талғат Құралбекұлы 
Алматы технологиялық университетінің ректоры

Талғат Құлажанов Құралбекұлы 1967 жылы 22 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген, ҚР азаматы, ұлты – қазақ.
1984 жылы Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі инсититутына түсіп, 1991 жылы «Қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру және оның технологиясы» мамандығы бойынша «инженер-технолог» мамандығын алып шықты.

Еңбек жолы:
• 1991-1995 ж.ж. «Агат» ресторанының директоры;
• 1995-1998 ж.ж. «Ернұр» ЖШС директоры;
• 1998-1999 ж.ж. – «Акцепт-А» ЖШС директоры;
• 1997-2001 ж.ж. – Алматы технология және бизнес университетінің ректоры;
• 2001-2002 ж.ж. – Алматы технологиялық университетінің басқарма төрағасы;
• 2002-2007 ж.ж. – Алматы технологиялық университетінің директорлар кеңесінің төрағасы;
• 2007-2014 ж.ж. – Алматы технологиялық университетінің Президенті;
• 2014 жылдан бері қазіргі уақытта Алматы технологиялық университетінің Ректоры қызметін атқарады.

2001 жылы «Экономика және халық шаруашылығын басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды. Ал 2005 жылы «Тамақ өндірісінің процестері мен аппараттары» мамандығы бойынша ғылым докторы ғылыми дәрежесіне бекітілді және «Дәнді, бұршақ дақылдарын, жарма өнімдерін, жеміс-көкөніс өнімдерін және жүзім шаруашылығын өңдеу, сақтау және қайта өңдеу технологиясы» мамандығы бойынша 2006 жылы – доцент, 2007 жылы – профессор дәрежесін алды.
2007 жылы Халықаралық инновациялық технологиялар академиясының академигі болып сайланды (IATE, Германия), Халықаралық Инженерлік академиясының корреспондент – мүшесі (Ресей, 2010 ж.), Халықаралық Инженерлік академиясының академигі (Ресей, 2011 ж.), ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының академигі (2012 ж.), ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі (2012 ж.), Халықаралық Вена университетінің құрметті профессоры (2008 ж.), Еуропа Ректорлар клубының мүшесі (2008 ж.).
Марапаттары:
• 2005 ж. – Шаптальдің Алтын медалі (Франция), іскерлік тәжірибедегі Жоғары сапасы үшін халықаралық қордың Алтын медалі (Швейцария).
• 2015 ж. – «Бейбітшілік әлемі» Алтын медалі, Ұлыбритания Оксфорд Академиялық Одағының мүшесі, Кеден одағы елдерінің Құрметті азаматы (Ресей), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне – 20 жыл «,» Қазақстан Конституциясына – 20 жыл» мерейтойлық медальдары,ҚР БҒМ Құрмет грамотасы – 2015 ж, ҚР Тұңғыш Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хаты, Алматы қаласының әкімі А. Есімовтің қолы қойылған Алғыс хат (2015).
• 2016 ж. – «Құрмет»ордені, ҚР Тұңғыш Президентінің Алғыс хаты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің» Білім беру ісінің құрметті қызметкері » төс белгісін алды.

Ол 183-тен астам ғылыми еңбектердің авторы, оның ішінде 48 монография мен оқулық, 24 патент, 111 ғылыми мақала және конференция материалдары бар.
Т. Қ. Құлажанов PhD және магистрлерді дайындау бойынша АТУ Халықаралық бағдарламалары басшыларының бірі. ТЕМПУС бағдарламасы аясында Манчестер метрополитен университетімен, Гринвич университетінің табиғи ресурстар институты (Ұлыбритания), кәсіптік білім беру Ларенштейн университеті (Нидерланды), Андонг ұлттық университеті және Конкук университеті (Оңтүстік Корея), қашықтықтан оқыту орталығы (Ұлыбритания), Ресей ЖОО-мен – Мәскеу мемлекеттік Тамақ өндірісі университеті, Кемерово тамақ өнеркәсібі технологиялық университеті, Мәскеу мемлекеттік технология және дизайн университетіммен ғылыми зерттеулер жүргізді.

Құлажанов. Т.К жас ғалымдардың ғылыми жұмысына басшылық жасайды, тамақ өнеркәсібі, инвестициялық қызметті басқару саласындағы зерттеу жұмыстарымен айналысады.
20 жылдан астам ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар.

Отбасы жағдайы:
Жұбайы – Құлажанова Маржан Сарсекенқызы.
Ұлы – Құлажанов Ернұр Талғатұлы

Нұрахметов Бауыржан Құмарғалиұлы 
- бірінші проректор

Техника ғылымдарының докторы (2000), профессор (2008).

1967 жылы 1 қаңтарда бұрынғы Талдықорған облысы, Андреев ауданы, Қарлығаш ауылында дүниеге келген. 1984 жылы Фурманов орта мектебін күміс медалімен бітірген. 1991 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика факультетін бітіріп, ҚазКСР Ғылым академиясы Математика және механика институтында жұмыс істеді. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Механизмдер және машиналар теориясы мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғау арқылы күндізгі аспирантураны бітірді. 1994-2000 жж. – ҚР БҒМ Механика және машинатану институтының ғылыми, аға ғылыми және бас ғылыми қызметкері. 1999 жылы «Механизмдер және машиналар теориясы» мамандығы бойынша докторлық диссертациясын қорғады. 2000-2002 жж. – Алматы технологиялық университетінің «Инженерлік графика және қолданбалы механика» кафедрасының меңгерушісі. 2002-2010 жж. – Қазақ-Британ техникалық университетінің ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры. 2010-2011 жж. – Алматы технологиялық университетінің ғылым және жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасының бастығы, 2011-2013 жж. – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры, 2013 жылдан – бірінші проректоры.

Нұрахметов Б.Қ. 100-ден астам ғылыми еңбектер жариялаған, соның ішінде 6 монография, 2 оқу құралы; 15 авторлық куәліктер мен патенттерге ие. Дарынды жас ғалымдарға берілетін мемлекеттік ғылыми шәкіртақысына үш мәрте ие болған. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен (2013); Қазақстан Республикасы Бизнес-рейтингісінің «Сіңірген еңбегі мен табыстары үшін» медалімен (2014); ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен (2011) марапатталған. «Жоғары мектеп менеджменті» курсынан өткені туралы сертификаттың (2011); «Болон үдерісі негізгі өлшемдерінің Қазақстан жоғары оқу орындарына бейімделуі» тақырыбындағы Жазғы мектепті аяқтағаны туралы сертификаттың (2012); «Қазіргі заманғы жоғары оқу орнын басқару стратегиясы» атты семинарда оқудан өткені туралы сертификаттың (2012); KIMEP университетінің халықаралық конференциясына қатысқаны туралы сертификаттың (2012) иегері.

2000-2005 жж. – Қазақстан Республикасының Жас ғалымдары кеңесінің төрағасы. 2000-2003 жж. – ҚР ҰҒА Төралқасының және ҚР БҒМ Алқасының мүшесі. 2002-2003 жж. – Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің мүшесі. Оның ғылыми жетекшілігімен бес кандидаттық диссертациялар қорғалған.

Байболова Ляззат Кемербекқызы 
оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор

Техника ғылымдарының докторы, профессор.

1989 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының Алматы филиалын «Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиясы, ұйымдастыру және қызмет көрсету» мамандығы бойынша бітірді.
1994 жылдан бастап Алматы технологиялық университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор болып қызмет атқарады.
1998 жылы «Ақуызды пайдаланып, жылқы еті өнімдерінің технологиясын әзірлеу» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.
2000-2004 жылдары – АТУ-да тәрбие жұмыстары жөніндегі проректор болып қызмет етті.
2007 жылы «Тұтас және аралас дайындалған ет өнімдерінің ғылыми-практикалық негізі» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады.
2008, 2010-2012 жылдары – АТУ Технология-экономикалық колледжінде директор қызметін атқарды.
2012-2013 жылдары – «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы, 2013-2014 жылдары – «Өндірістік үдерсітерді механикаландыру және автоматтандыру» кафедрасының меңгерушісі, 2014-2016 – «Инжиниринг және ақпараттық технологиялар» факультетінің деканы, 2016-2019 жылдары – «Тағам өндірістері» факультетінің деканы болып қызмет етті.
2019 жылдан бастап – АТУ-да оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор болып қызмет атқарады.
Байболова Л.К. 250-ден астам ғылыми еңбектің авторы, оның ішінде 3 монография, 3 оқу құралы, 11 авторлық куәлік және патенттері бар. Ол дарынды жас ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендия иегері. Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағымен (2013), «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытудағы еңбегі үшін» медалімен (2017), «ЖОО-ның үздік оқытушысы» атағымен марапатталған (2016). Оның ғылыми жетекшілігімен 2 кандидаттық және 1 докторлық диссертация қорғалды.

 

Рскелдиев Бердан Әбдәзімұлы 
ғылым және инновация жөніндегі проректор

Рскелдиев Б.Ә. 1974 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген. 1983 жылы кандидаттық, ал 2000 жылы докторлық диссертациясын қорғаған. 2003 жылдан бастап – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша профессор. Ашық басылымда оның 290-нан астам ғылыми еңбегі, соның ішінде 1 монография, 5 жеке кітапша, 2 оқу құралы жарияланған, 12 авторлық куәліктің және инновациялық патенттің иегері. 2009 жылы «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ өткізетін «Қазақстандағы агроөнеркәсіп кешені саласы бойынша ең көп жарияланатын авторлар» номинациясында арнайы дипломмен марапатталған. Профессор  Рскелдиев Б.Ә. соңғы жылдары қызметкерлермен бірлесе ет өнімдерінің 15-тен астам жаңа түрлерін өндіріске енгізген және олар Республикалық және Халықаралық көрмелерге қойылған. Мәскеу қаласындағы 7-ші Халықаралық мамандырылған «Биотехнологиялар әлемі-2009» атты көрмеде авторлар тобы (Рскелдиев Б.Ә., Байболова Л.К., Әмірханов К.Ж.) тамақ құнарлығы аса жоғары тұзды жылқы өнімдері технологиясын әзірлегені үшін дипломға ие болды.

2010-2011 жж. өсімдік-ақуыз композициясын пайдалану арқылы қой етінен ет өнімін әзірлеп, енгізгені үшін Мәскеу қаласындағы ІХ және Х Халықаралық форумдарының Алтын медальдарымен, ет өнімінің жоғары сапасы үшін Мәскеу қаласындағы Ет өнімінің үшінші кәсіби байқауының (2014 ж.) Күміс медалімен, «Шымбұлақ» атты өнімнің инновациялық технологиясын әзірлегені үшін Алтын медальмен (2014 ж.) авторлар құрамымен марапатталған. Білім беру жүйесіндегі басқаруды жетілдіру жөніндегі халықаралық семинарға қатысушы сертификатының иегері (Сингапур, 2010 ж.).

Профессор Рскелдиев Б.Ә. 3 техника ғылымдарының докторын және 7 техника ғылымдарының кандидатын даярлаған, И. Раззаков атындағы Қырғыз МТУ кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі диссертациялық кеңесінің мүшесі. «Техника и технология пищевых производств» (КемТИПП), «Вестник ОмГАУ» и «Foods and Raw materials» (Россия) атты ғылыми журналдары редакциялық алқасының мүшесі болып табылады,  Семей қ. Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің құрметті профессоры болып сайланған. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2011 ж.) және «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2013 ж.) төсбелгісімен марапатталған.

Батхолдин Қалтай Сейітқажыұлы 
тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор

1956 жылы 28 тамызда Семей облысы Ақсуат ауданы Қызыл-Кесек ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын бітірген. 1977-1994 жылдары Семей облысы Ақсуат ауданының партиялық және қоғамдық ұйымдарында басшы қызметтерін атқарды. 1994-1998 жылдары бөлім меңгерушісі, Семей облысы Ақсуат ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 1998 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін КОҚҒ кафедрасының аға оқытушысы. Әлеуметтік ғылымдар магистрі. 2004 жылдан бастап АТУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры.

ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен, Алматы қ. әкімінің, Алмалы және Әуезов ауданы әкімдерінің Құрмет грамоталарымен, «Кәсіподақ қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін» ҚР Кәсіподақ федерацияларының медалімен марапатталған.