Төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесі

AОқу талаптары мен тапсырмаларының барлық түрлері бойынша білім алушылардың оқу жетістіктері білімді бақылау және бағалау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша балды- рейтингті әріптік жүйемен бағаланады.

Білім алушының үлгерімінің ағымдық бақылауы оқу пәндерінің жеке тақырыптары бойынша жүргізіледі және аудитория мен аудиториядан тыс жүргізілетін сабақтардағы білімді бақылауды қамтиды.

Ағымдық бақылау бағасы аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау бағасынан және рубеждік бақылау бағасынан (аудиториядан тыс жүргізілетін сабақтар) құралады.

Үлгерімнің ағымдық бақылауында білім алушының оқу жетістіктері әр орындалған тапсырма үшін 100 балдық шкала бойынша бағаланады, үлгерімнің ағымдық бақылауының қорытынды нәтижесі академиялық кезеңде жинақталған барлық бағалардың орташа арифметикалық суммасының есебімен жүргізіледі.

Пәндер бойынша оң рейтингтік баға жинамаған білім алушылар қорытынды бақылауға (емтихан) жіберілмейді.

Алматы технологиялық университетінде білімді бақылау жүйесі рейтингтік бақылаудан (семестрде екі рет) және қорытынды бақылаудан тұрады (емтихан тапсыру).

Пәндер бойынша рейтингтік бақылау академиялық кезеңнің 8 және 15 апталарында жүргізіледі.

Жеке пәндер бойынша қорытынды баға рейтингтік бақылау мен емтихан нәтижелерінен тұрады, өз ретінде рейтингтік бақылау 60% -ті, ал емтихан қорытындысы 40% құрайды.

Білім алушылар білімінің қорытынды бағасы оқу жетістіктерін бағалаудың әріптік жүйесімен анықталып, төрт балдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келеді. Білім алушыны курстан курсқа көшіруде университет GPA көшіру балын өз бетінше белгілейді.

Көшіру балы (Grade Point Average) – таңдалған бағдарлама бойынша (GPA) бір оқу жылында білім алушы студенттің оқу жетістіктері деңгейінің орташа балы, 1 курстан 2 курсқа көшірудің минималды балы 1,67.

Орташа балл (GPA) әр семестрдің нәтижесі бойынша, сонымен бірге жалпы оқудың барлық кезеңі үшін есептеледі.

Курс үшін барлық пәндер бойынша GPA төмендегідей жолмен есептеледі: пәндер бойынша қорытынды баға баллдарының сандық баламасына кредиттерді көбейтуден шыққан нәтижелер сомасының оқытудың ағымдағы кезеңіндегі кредиттердің жалпы санына қатынасы.

 

Әріптік жүйе бойынша бағалауБалдардың сандық эквиваленті%- тік мөлшеріДәстүрлі жүйе бойынша бағалау
A4,095-100өте жақсы
A-3,6790-94өте жақсы
B+3,3385-89жақсы
B3,0080-84жақсы
B-2,6775-79жақсы
C+2,3370-74қанағаттанарлық
C2,065-69қанағаттанарлық
C-1,6760-64қанағаттанарлық
D+1,3355-59қанағаттанарлық
D1,050-54қанағаттанарлық
F 0-49қанағаттанарлықсыз

Сонымен, GPA оқылған барлық пәндер бойынша есептеледі, оның нәтижесі келесі курсқа көшірудің негізі болып табылады.

Лайықты бағаға тапсырылған емтиханды, бағаны барлық кезең үшін көтермелеу мақсатында, немесе үздік диплом алу мақсатында қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Пән бойынша қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған білім алушының бұл пән бойынша кредиттері есептелмейді. Қанағаттанарлықсыз немесе оң баға алған білім алушыға емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

Пән бойынша қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған білім алушы аталмыш пән бойынша оқу курсын қайта өтіп, етиханға рұқсат алып, сонан соң оны ақылы негізде кейінгі академиялық кезең ішінде немесе жазғы семестрде тапсыру қажет.

Егер білім алушы (жазғы семестрді қоса) GРА белгіленген деңгейден төмен алса, онда ол қайта оқу курсына қалдырылады.

Келісім – шартқа отырмаған және қайта оқу курсының ақысын төлемеген білім алушы оқу жылының басындағы бір ай ішінде оқудан шығарылады.

Қайта оқу курсына қалдырылған мемлекеттік білім тапсырысы бойынша білім алушылар кейінгі оқу кезеңінде мемлекеттік білім грантынан айырылады.

Начальник методического отдела УМУ 
Молдыбаева А.А.